Жаңалықтар

Теміртауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Теміртауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Фото: pixabay.com 22.04.2023 13:46 592

Теміртауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетіп, салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 21 сәуірде 21:25 сағат шамасында Теміртау қаласында Чернышевский көшесінің жаяу жүргіншілер өтуге болмайтын жерден жолды қиып өткен жолаушыны 20 жастағы Hyundai Cret автокөлігінің жүргізушісі қағып кетті. Жол апаты салдарынан 40 жастағы жаяу жүргінші оқиға орынында қайтыс болды.

Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға