Жаңалықтар

Теміртауда заңсыз майнинг фермасы анықталды

Теміртауда заңсыз майнинг фермасы анықталды
Фото: ҚМА/Видеодан алынған кадр 02.12.2024 15:13 522

Теміртау қаласында заңсыз майнинг фермасын ұйымдастыру фактісі Қарағанды облыстық прокуратурасының үйлестіруімен Қаржылық мониторинг агенттігімен анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, күдіктінің Теміртау қаласындағы өндірістік база аумағында металл контейнерлерде криптовалюта өндіру үшін арнайы жасалған есептеу құрылғыларының кешенін орнатқаны анықталды.

Тінту барысында объектіден 156 бірлік майнинг жабдықтары (ASIC) және басқа да қосалқы құрылғылар табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізілуде, - делінген мәліметте.

Жыл басынан бері заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 11 фактісі анықталды, олардың қылмыстық табысының жалпы сомасы 440 миллион теңгені құрады. Тергеу барысында 269 миллион теңге сомасында майнингтік жабдықтары тәркіленіп, 373 миллион теңге сомасында цифрлық активтер өндірілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға