Жаңалықтар

Теміртауда «Таза ойындар» экологиялық сенбілігі өтті

Теміртауда «Таза ойындар» экологиялық сенбілігі өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.08.2024 13:56 419

Бүгін Теміртау қаласының қалалық жағажайында «Таза ойындар» экологиялық сенбілігі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш іс-шараны «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры жалпыұлттық «Birgemiz: Taza Alem» жобасы аясында ұйымдастырды. Бұл сенбілік – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының бір бөлігі.

«Таза ойындар» – бұл табиғи аумақтарды қоқыстан тазарту және қалдықтарды сұрыптау бойынша командалық волонтерлік сайыс форматындағы сенбілік. Қатысушылар қоқыс жинап, оны сұрыптауда жарысады, нәтижесінде сыйлықтар алады. Қатысушы қарапайым сенбіліктерге қарағанда 5-10 есе көп қоқыс жинай алады. Ойындар статистикасы нақты уақыт режимінде сайтта және мобильді қосымшада жүргізіледі. Бір ойын барысында 1-3 тонна қоқыс жиналды.

«Таза ойындардың» мақсаты — тек ормандар мен су қоймалары жағалауларын тазарту ғана емес, сонымен қатар халықты волонтерлікке тарту, экологиялық тұрғыда ақпарат беру, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру және дамыту.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға