Теміртауда көпқабатты үйде жарылыс болды
17.08.2022 03:35
Фото:
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Теміртау қаласында бес қабатты үйде газ жарылып, үйдің біраз бөлігі қопарылып түсті, деп хабарлайды El.kz.
Апат кезінде ТЖ департаментінің 22 қызметкері оқиға орнына барып, 7 техника жұмылдырылған.
16 тамыз күні болған төтенше оқиғадан 33 жастағы адам зардап шегіп, бірден ауруханаға жеткізілген. Оқыс оқиға үйдің үшінші қабатында болды.
– Теміртау қаласындағы металургтер даңғылындағы үйдің 3-ші қабатындағы пәтерде газ жарылды. Апат салдарынан үйдің 3-ші және 2-ші қабаттарының қабырғалары құлады. Соның салдарынан үш пәтер бүлінген. Жарылыс болған үйдің 53 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың жетеуі бала екені анықталды. Сонымен қоса 1989 жылы туған пәтер иесі зардап шекті, — дейді Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.Апат кезінде ТЖ департаментінің 22 қызметкері оқиға орнына барып, 7 техника жұмылдырылған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

