Жаңалықтар

Теміртауда бір топ адам жас жігітті 3 мың теңге үшін ұрып-соққан

Теміртауда бір топ адам жас жігітті 3 мың теңге үшін ұрып-соққан
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ 27.10.2024 18:12 981

Желіде Теміртауда жас жігіттің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Temirtau.times мәліметінше, оқиға 26 қазан күні сағат 21:30-да болған.

Бауырымды алты адам жабылып ұрып кеткен. Белгісіз біреулер оның үстіне шығып секірген. Мұрнын сындырып, құлағынан қан кетті, миы шайқалған, саусағы мен тісін сындырған. Олардың мақсаты – бауырымды тонау. Сондағысы небәрі 3 мың теңге үшін ғой. Байқап жүріңіздер, сақ болыңыздар дегім келеді, – деген жазба авторы.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті бұл жайтқа байланысты ешкімнің полицияға арыз түсірмегенін алға тартты.

Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілер анықталып жатыр. Толығырақ ақпарат алдағы уақытта беріледі, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға