Жаңалықтар

Теміртауда бес жасөспірім көлік «ұрламақ» болды

Теміртауда бес жасөспірім көлік «ұрламақ» болды
Фото: © Polisia.kz 17.06.2023 02:14 742

Теміртауда 11-12 жас аралығындағы бес жасөспірім өзгенің көлігін «ұрламақ» болған. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Олардың бірі рульге отырып, ал қалғандары көлікті итере бастаған. Содан олар көлікті көрші үйдің ауласына апарып, оқиға орнынан қашып кеткен.

14 маусымнан 15 маусымға қараған түннің ортасында Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне бір ер адам арызданды. Жәбірленуші белгісіз біреулердің оған тиесілі көлігін ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған. Белгілі болғандай, ол үйіне келіп, көлігін ауласына қойған. Алайда біраз уақыттан кейін көлігінің орнында жоқ екенін байқаған, - делінген мәліметте.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы келді. Қаланың осы ауданындағы аулаларда бейнекамералар орнатылғанын байқаған полиция қызметкерлері бейнекамералардың жазбаларына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Автокөліктің жоғалуына 11-12 жас аралығындағы бес жасөспірімнің қатысқаны белгілі болды. Камераларда көлік құралының салонына олардың қалай кіргеніне дейін жазылған. Олардың бірі рульге отырып, ал қалғандары көлікті итере бастаған. Осылайша жасөспірімдер көлікті көрші үйдің ауласына апарып, оқиға орнынан қашып кеткен, - делінген.

Полиция жас оларды анықтады. Ата-анасы бас тартқандықтан, екі бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды. Қалған жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБК-нің 127-бабы және ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға