Теміртауда 6 жасар бала терезеден құлап қайтыс болды
31.07.2024 11:52
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Бүгін Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 6-қабаттағы пәтердің терезесінен құлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
Көп қабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ ескертеді:
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
- Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!
- Баланың өздігінен ашылуына жол бермеу үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!
- Ешқашан москит торларын қолданбаңыз-балалар оларға сүйеніп құлайды!
- Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз!
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

