Жаңалықтар

Теміртау тұрғыны Нұра өзенінің ескі арнасында суға батып кетті

Теміртау тұрғыны Нұра өзенінің ескі арнасында суға батып кетті
Фото: Қарағанды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі 07.07.2023 18:20 1760

Теміртау қаласынад Нұра өзеніне шомылуға барған ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірдің ТЖД-нің мәліметінде марқұмды су астынан сүңгуірлер бірнеше сағаттан соң кейін ғана тауып алған. 

Жазатайым оқиға 6 шілдеде сағат 12:50-де Теміртау қаласында болғаны анықталды. «Алма» саяжайының маңындағы Нұра өзенінің ескі арнасында қайғылы оқиға тіркелген. 36 жастағы тұрғын шомылуға жабдықталмаған жерде суға батқан. Сол уақытта ол достарымен демалыста болған көрінеді.

Іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында сағат 18:55-те құтқарушылар суға батқан адамның денесін өзеннен алып шықты, - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіндегілер. 

ТЖ департаменті Қарағанды облысы тұрғындарды суға шомылу кезеңінде келесі ережелерді қатаң сақтауға шақырып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға