Жаңалықтар

Теміртау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Теміртау қаласына жаңа әкім тағайындалды
Фото: Теміртау қаласы әкімдігі 18.09.2024 19:00 228

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Теміртау әкімі болып Ғалым Әбіханұлы Әшімов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz тілшісі.

Қарағанды облысының басшысы Ермағанбет Бөлекпаев жаңа басшыны қала активіне таныстырды.

Жаңа қызметке тағайындалған Ғалым Әшімов өзіне сенім артқан жерлестеріне алғысын айтып, алдына үлкен міндеттер қойылып отырғанын, оны бірлесіп шешетін атап өтті. 

Ғалым Әшімов 1968 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Жәйрем тау-кен байыту комбинатында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2000 жылдан бастап түрлі лауазымдарды атқарған ол Теміртау әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін "Имсталькон" АҚ-да жұмыс істеген.

Айта кетейік, бұған дейін қала басшысы қызметін атқарып келген Ораз Тәуірбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға