Теміртас Жүсіпов бірінші болып жартылай финалға шықты
Дубайда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін ширек финалдық кезеңнің жекпе-жектері басталды. Күннің алғашқы айқасын 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Теміртас Жүсіпов өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тәжірибесі мол 37 жастағы қазақстандық боксшы непалдық Лал Прасад Упретимен қолғап түйістіріп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.
Еске салайық, Теміртас 1/8 финалда үндістандық Девендра Сингх Соланкиді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ұтқан еді.
Осы жеңісі арқылы Жүсіпов әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола медальді қоржынға түсірді.
Теміртастың жекпе-жегі күні бойы жалғасатын қазақ боксшыларының ширек финалдық марафонының бастауы ғана. Бүгін тағы тоғыз отандасымыз шаршы алаңға шығады.

