Темірлан Анарбеков қазақстандық жанкүйерлерге үн қатты
«Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков 2025 жылдың 28 тамызында шотландиялық «Селтикке» қарсы тарихи матчтан кейін алғаш рет жанкүйерлерге үн қатты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
21 жастағы голкипер пенальти сериясында шотландиялықтардың үш соққысын қайтарып, алматылық клубты алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алып шыққан болатын. Ол жанкүйерлерге ризашылығын білдірді.
Бүкіл Қазақстанға және әр жанкүйерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын! Бұл жетістік – бәріміздің ортақ жеңісіміз! Біз бірге мықтымыз! Алға, Qazaqstan! – деп жазды Темірлан Анарбеков бейсенбі күні Instagram парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін Анарбековтің Чемпиондар лигасының басты жұлдызына қалай айналғаны туралы жазғанбыз.

