Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы қытайлық консерваториямен меморандум орнатты

12.09.2025 19:39

Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы мен Сычуань музыка консерваториясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

12 қыркүйек күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Сычуань музыка консерваториясы (ҚХР) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум орнады.

Құжатқа екі жоғары оқу орнының ректорлары қол қойды. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастықтың келешегін талқылап, нығайтуға бағытталған мазмұнды, жүйелі жұмыс жүргізуге дайын екендерін білдірді, - деп жазылған мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында. 

Аталған меморандум шеңберінде алдағы уақытта бірлескен шығармашылық жобаларды жүзеге асыру, оқу бағдарламаларын жетілдіру, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту жоспарланған.