Жаңалықтар

«Темекі бермегені үшін пышақтап тастаған». Астаналық тұрғын сотталды

«Темекі бермегені үшін пышақтап тастаған». Астаналық тұрғын сотталды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 13.06.2024 18:24 495

Астананың түнгі клубтарының бірінде темекі бермегені үшін адамды пышақтап тастау оқиғасына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Астана прокуратурасының хабарлауынша, жәбір көрсетуші мас күйде болған. Ол түнгі клубта біреуден темекі сұрап, ол беруден бас тартқаны үшін оның өмірлік маңызды органдарына пышақпен көптеген дене жарақаттарын салған.

Оның денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды. Сотталушы кінәсін мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді, – делінген Астана прокуратурасының хабарламасында. 

Құқық бұзушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды және үкім заңды күшіне енді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға