Жаңалықтар

Тележурналистикадағы әлеуметтік жарнаманың ерекшеліктері

Қазақстандағы жарнама мәселелері
14.11.2016 06:34 6318

Тележурналистикадағы әлеуметтік жарнаманың ерекшеліктері

Тележурналистикадағы әлеуметтік жарнаманың ерекшеліктері

 Аталған жұмыс өнімі – әлеуметтік жарнамаға арналған. Әлеуметтікжарнама қоғамның рухани бағдары болып табылады, тіршілік сапасын жақсартуға ықпал етеді, тұрақты дамудың катализаторыретінде көрсетіледі. Қазақстан Республикасында әлеуметтік жарнаматәуелсіздікті алумен пайда болды және оны жасаушылардың шығармашылықәлеуетін ашуға мүмкіндік берді, жарнамалық өндіріс саласындағы елэкономикасының креативтік секторының дамуын ынталандырады, әрі әлеуметтік әрекеттің бейнесін қалыптастыруда маңызы зор. Жұмыста әлеуметтік жарнаманың Қазақстандағы тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасалынып, әлеуметтік жарнаманың теориялық негіздері қарастырылды. Сонымен бірге коммуникацияның аталған түрінің функциональдық, тұрпаттамалық және нормативті-құқықтық ерекшеліктері талданды.

Қазақстандағы әлеуметтік жарнаманың басты тапсырушысы мемлекеттiң мүддесіне негізделген. 2012 жылы әлеуметтік маңызды ақпаратты жылжытуға мемлекеттiк бюджетке 691 млн теңге (жалпы бюджеттiң 29,8%) салынды.

Әлеуметтік жарнаманың даму моделдерін қарастыру, жақын және шетелдердің тәжірибелеріне корпоративтік талдау, Қазақстанда креативтік коммуникация ретіндегі әлеуметтік жарнаманың дамуына ықпал ете алатын, теориялық және практикалық ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жұмыстың мақсаты:

- «әлеуметтік жарнама» түсінігінің мазмұнын ашу;

- әлеуметтік жарнамаға қатысты ғылыми еңбектерді (зерттеулер) талдау

және жинақтау;

- қоғамдағы әлеуметтік жарнаманың орны мен рөлін анықтау;

- Қазақстанның ақпараттық-коммуникативтік кеңістігіне тән әлеуметтік

жарнаманың сипаттамасын жасау;

- Қазақстандық әлеуметтік жарнаманы эмпирикалық-әдістемелік

әдістермен зерттеу;

- әлеуметтік жарнаманың коммуникативтік әлеуетін пайдалану бойынша

теориялық-практикалық сипаттағы ұсыныстарды әзірлеу.

Әдістемелік база зерттеудің сапалы социометриялық әдістерін пайдалануға негізделген. Деректерді өңдеу және алынған ақпараттарды талдау үшін SPSS Statistics 20 (Statistical Package for the Social Sciences Predictive Analytics SoftWare) компьютерлік бағдарламасы  пайдаланылды. Зерттеу жергілікті деңгейде жүзеге асырылды. Жергілікті деңгейде Қазақстан жастарының әлеуметтік жарнамаға деген қатынасына социометриялық зерттеу жүргізілді.

Сонымен қатар автор әртүрлі әлеуметтік тақырыптардағы әлеуметтік бейнероликтерге салыстырмалы контент-талдау жүргізді.

Талдау әлеуметтік жарнамаға деген жалпы оңды қатынас көрсетті. Бұл Қазақстанда

әлеуметтік жарнаманың әрі қарай дамуы үшін қолайлы жағдай туғызады,

өйткені, коммуникацияның бұл түрін айналадағылардың оңды қабылдайтыны байқалады. Жүргізілген зерттеулер сонымен қатар, қазақстандық әлеуметтік жарнамада ең жиі кездесетін мәселелер ортасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әлемде кең таралған жалпыға ортақ мәселелер-денсаулық сақтау және экология. Әлеуметтік жарнамадағы тақырыптың арасында, ең көп кездесетіні – патриоттылық тақырыбы.

Жүргізілген әлеуметтік зерттеулерден алынған нәтижелер, қоғамдық пікір

сауалнамасы жарнаманың тиімділігін арттырудың шын құралы болып

табылады, деп тұжырымдауға мүмкіндік береді, өйткені:

- қоғамдық пікірді алдын-ала зерттеу арқылы әлеуметтік жарнаманың

салдарын болжауға мүмкіндік береді;

- әлеуметтік жарнама аудиториясымен кері байланыс жасауды, дәлдеп

түзету шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді;

- әлеуметтік жарнаманың тиімділігін бағалаудың жетерліктей сенімді

тәсілі болып табылады.

Сонымен, дамыған нарықтық экономикасы бар қоғамда пайда болған әлеуметтік жарнама, бір жағынан, қоғамның әлеуметтік сауықтыру

элементтерінің бірі бола алды. Екінші жағынан - әлеуметтік жарнама

Қазақстандағы коммуникацияның креативті бір бөлігі. Әлеуметтік жарнама сияқты, аса ірі коммуникациялық арна арқылы рухани құндылық пен адамгершілік нормаларына апелляция, практикалық тәжірибе көрсеткендей, рухани жағынан қажеттілікті қалыптастырады, ол әсіресе жаһандану кезеңінде аса маңызды.

Жарнама түсінігі. Әлеуметтік жарнама тарихы

Жарнама – сауда қозғаушы күші, түрлі өндіріс салаларындағы жетістіктер туралы «хабарлаушы» – тұтынушының жаңа өмір стандарттарымен тез танысуына жағдай жасап, кейде оны күштеп міндеттейді. Жарнама, яғни «реклама» термині латынның ―reklamare («қатты айқай салу» немесе «хабарлау») сөзінен шыққан. Американдық Маркетинг Қауымдастығының анықтамасына сәйкес жарнама «…нақты орнатылған тапсырыс беруші төлейтін идеялар, тауар және қызметті жеке басының емес 10 ұсыну және жылжытудың кез келген формасы» болып табылады және нақты жағдайды есепке ала отырып, ең тиімді амалдар мен тәсілдерді пайдалану арқылы ықтимал тұтынушылар назарын жарнамалау объектісіне аудару қызметін атқарады. Жарнаманың мақсаты ықтимал сатып алушыларды тауардың пайдалылығына сендіріп, ол тауарды сатып алу қажеттілігі туралы ой тудыруға келіп саяды. Жарнамалық хабарлама (жеңілдетілген түрінде) келесі формулаға сәйкес келеді: «Егер де сіз дәл сол нәрсені сатып алсаңыз, мынадай пайда аласыз...». Жарнаманың өз мақсаты мен оның функцияларын зерттеушілер былай анықтайды:

1) экономикалық функция: икемді жарнама тауардың өтіміне және пайданың артуына жағдай жасайды;

2) ақпараттық функция: сатып алушыларға тауар және қызмет туралы мәлімдеме беру;

3) коммуникативтік функция: жарнама тауар өндірушісі туралы хабар беріп, оның имиджін құрады;

4) эстетикалық функция: зерттеушілер жарнама мен өнердің тығыз байланысын атап өтеді, біріншісінің кейінгісінің барлық озық амалдарын пайдалануға ұмтылуы, ал кейде жарнаманың өзін де өнердің бір түрі деп есептеп, жарнама өнерінің халықаралық фестивальдерін ұйымдастырып жатады (мысалы, «Жарнама жайпауыштарының түні».

Г.П. Картон жарнама тұтынушыларға оның ішкі сәйкестігі, жаңа мәліметті қабылдауға даярлығы неғұрлым артық болса, соғұрлым қатты әсер ететіндігін атап өтеді. Егер де ол даярлық болмаса, тұтынушылар не ақпарат көзіне сенуден бас тартады немесе сәйкес ақпарат көздеріне жүгініп, оны жай қабылдамайды. Жарнаманың барлық тұтынушыларға жаппай әсер етуі мүмкін

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға