Жаңалықтар

Телефон бала миына зақым келтірмейді – ғалымдар

Телефон бала миына зақым келтірмейді – ғалымдар
Фото: © Pixabay.com 27.12.2023 16:30 2608

Ұялы телефоннан жасөспірімдердің жүйкелері сыр беріп жатыр деген қауесет бар. Бұл алғашқы эпидемиологиялық зерттемелерден қалған сыбыс болу мүмкін. Немесе бұқаралық ақпарат құралдары көбірек назар аударатын кейбір демографиялық топтарда алаңдаушылық жиі орын алған сыңайлы. Алайда, ол аңыз ғана. Адамдар неге сол дәл нақтыланбаған сөзге сеніп қалды екен.

Америкалық ғалым, профеесор, гибраист Ричард Фридиман ата-аналар цифрлы технологияның улағыштық идеясын қатты жадында сақтап қалғандығын айтады.

Смартфондар мен компьютерлік ойындар нейробиологтар мен психологтардың көзімен қарағанда зиянды деген пікір таралып кеткен. Бұған сенетін болсақ, біз ехнологияның қарыштап дамуы біздің өмірімізге елеулі өзгерістер әкеліп жатыр. Уақыт машинасы ойлап табылмағанымен, бүгінгі ғылымның дамуына қарап 20-25 жылдан соң, қандай өзгерістер орын алатынын болжау қиын емес. Мәселен, осыдан 10 жыл бұрын біздің қолымызда смарт-телефондар жоқ еді, сол сияқты бүгін қолданып отырған компьютерлерді де елестету мүмкін емес болатын. Бірақ, күннен-күнге дамыған ғылым лезде ол олқылықтың орнын толтырып тастады, - дейді ол.

Бұдан кейін де, біздің өмірімізге елеулі өзгерістер әкелетін технологиялар пайда болатынына күмән келтірмейміз. Ғылым докторы, зерттеуші, аэронавтикадан кибернетикаға дейін жақсы білетін Ян Пирсон болашақта төмендегідей өзгерістер болады деп, сеніммен айтып отыр. Сонымен, ол қандай өзгерістер екен?

болашақ ұрпағымыздың барлығы психикалық бұзылыстарға тап болуы ғажап емес. Десе де, бұл тек бірлі-екілі зерттемелерге арқа сүйейтін, нақты деректер келтірілмеген күдікті жайт».

Ол зерттеушілер басты назарда электронды қарым-қатынас пен психологиялық денсаулықтың төмендеуін байланыстырады. Бұл екеуінің бір-бірімен байланысқа түсуі нақты себеп бола алмайды. Бақытсыз әрі қызба балалар жағымсыз эмоциялардан арылу үшін телефонға үңілуі мүмкін. Тағы бір зерттеушілер магнит-резонансты томография арқылы видеоойындарға тәуелді жас адамдардың миын зерттеп, микроқұрылымдарындағы өзгерісті байқаған. Бірақ, бұл интернетті пайдаланғаннан туындаған ба, жоқ па түсініксіз қалып отыр, – дейді профессор.

Сонымен қатар, смартфондар есірткі сияқты өзіне бағындырып әкетеді деген қауесет тараған. Бұл өсектің таралуына МРТ-зерттеудің септігі тиген секілді. Олар ұялы телефондағы ойынға «байланған» балаларға сол ойындағы суреттерді көрсеткенде қызығушылықтары оянып, сыйақы жүйесі жұмыс жасай  бастаған. Бұл да нақты «зерттелді!» деп жар салып, мөрін басатын айғақ емес.

«Егер сізге қатты ұнайтын затыңызды не шоколад көрсетіп, миыңызға сканер жасаса сыйақы жүйесі «жарқырайтын» болады. Бұл сол затыңызды көргендегі уақытша эффект қана.  Ол бір сауалнамаға толыққанды жауап бола алмайтыны түсінікті емес пе?»

Маңызды сұрақ: расымен цифрлы технология мида есірткі заттары секілді «төңкеріс» тудыра ма? Ричард Фриман бұл сұраққа былай жауап береді: «Мен алкогольге байланған не түрлі адамдарды көрдім. Бірақ, «телефонсыз өмір сүре алмаймын» деген жасөспірімдерді жолықтырғаным жоқ. Бұған қарамастан көптеген ата-аналар баласының сол смартфонның кесірінен мазасыздыққа ұшырайтынын айтып келеді. Бұл  күйзеліс деңгейінің патологизациясына қарай ойысқан мәдени өзгеріс пе деп қорқамын.  Ал бірақ, соншалықты үрей туындататын ауру емес! Бүгінгі жастардың жүйкесі жұқарып бара жатқаны қоршаған ортаның тым қарбалас болуынан дейтіндер де жетіп артылады. Оның қатарына әлем экономкикасындағы дағдарыс, университетке түсу үшін бәсекелестіктің жоғары болуын және тағы басқа толып жатқан мәселелерді жатқызуға болады. Иә, бірақ бұл мәселе ғана, бәрін үркітіп-қорқытып жатқан бұзылыс емес. Яғни, өмірдегі қиындықтарға жауап қана. Айтпағым, ми сол нәрселерді естіп, қабылдап, өзідігінен үрей туғыза бастайды. Әлгі смартфонсыз да мида бұзылыс пайда болды деген сөз. Сол сияқты балаға телефон берерде «бұл сенің денсаулығыңа аса зиян» деп ескерте берсе, ол шынымен жүзеге асуы ғажап емес.

Менің тәжірибемде нағыз дабыл қағатын бұзылыстармен психотерапияға келіп жатқан адамдар санының артқанын көрмедім. Бірақ,  көптеген жас науқастардың маңызы аз нәрселер үшін жүйкесін жұқартып, дабыл қағатындарын жиі байқап келемін, – дейді профессор.

«Мәселен, 20 жастан енді асқан көптеген жас науқастар, жұмыс барысында стресс алып, бірнеше түн бойы дұрыс ұйықтамағаны үшін дабыл қаға бастаған. Олардың ешқайсысы да клиникалық депрессияға түспеген. Бірақ олар ұйқының дұрыс болмағаны жұмыс жасауына кедергі келтіріп, физикалық жағдайына кері әсер еткеніне сенімді. Мен оларға уайымдайтын ештеңе жоғын айтып, сабырға шақырдым. Менің тәжірибемде көптеген қызықты оқиғалар болып жатады. Мәселен, маған біршама уақыт бұрын смартфонға байланған ұлын уайымдаған әйел хабарласты. Оның ұялы телефонды жанына серік етуіне, сүйікті қызымен айырылысуы себеп болыпты. Ол уақытша нәрсе, одан баланың ешқандай санасына зақым келіп, психикалық бұзылыстарға тап болмайды. Анасына осыны түсіндіріп айттым. Одан кейін де балаларының цифрлы технологияларға жақын болып, «жабылып» қалғандарын айтып хабарласқан ата-аналар көп болды. Оған себеп – қарапайым өмірде кездесіп жатқан түрлі мәселелер. Оқуының қиындығы, емтихан тапсыра алмауы, әлгінде айтқан «жүректерінің жаралануы» – бұлар клиникалық араласуды талап ететін нақты себептердің қатарына кірмейді».

Жалпы, миымыз сондай өзгерістерге біз ойлғаннан да тұрақты келеді. Сол үшін әр түрлі заттар туралы миымызға жаман ақпарат құя беруге болмайды.

Ал басқа ғалымдар көп уақыт смартфонға байлану жасөспірімдер түгілі ересектерге қауіпті екенін айтады. Ол адам психикасына кәдімгідей кері әсер етеді. Сарапшылардың айтуынша, ол тек ойындарға байланудан емес,  әлеуметтік желілерден де туындайды. Номофобия синдромын дәрігерлер қауіпті дертке жатқызып отыр. Біреу хабарласып жатқандай немесе телефоныңыздың дірілдегіші қосылғандай сезіну – осы аурудың белгісі. Сонымен қатар, телефоннан туындаған ондаған ауруды тізіп шығуға болады: киберауру, нарцистік бұзылыс, шизоидты бұзылыс, BlackBerry синдромы (басбармақпен тікелей қатысты) және т.б.

Сонымен, телефонның балалардың миына әсері туралы пікірлер екіге жарылады. Оның нақты зардабы туралы дәлелденген факт жоқ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға