Жаңалықтар

Телефон аламын деп жинаған ақшасын Құлсарыға жіберген 11 жасар қызға сыйлық табысталды

Телефон аламын деп жинаған ақшасын Құлсарыға жіберген 11 жасар қызға сыйлық табысталды
Фото: "Хабар"/Видеодан алынған кадр 30.04.2024 22:29 1224

Еліміздің өңірлері су астында қалған уақытта өз ісімен өзгелерге үлгі болған оқушылар да аз емес. Солардың бірі ­деп кентаулық Гауһар Шәймерденді айтуға болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, 11 жасар оқушы жаңа мобильді телефон сатып алуға деп бір жыл жинаған ақшасын су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмекке жіберген.

«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафон кезінде Гауһар «Хабар» арнасының студиясында қонақта болып, оған телеарна атынан смартфон сыйға тартылды.

Сол уақытта қатты ауырып, ауруханада жатқан едім. Құлсарыдағы жағдайды телефоннан көрдім. Ертеңіне ауруханадан шыққанда, Кентауда Құлсарыға гуманитарлық көмек жиналып жатқанын естідім. Телефон аламын деп жинап жүрген ақшамды Құлсарыға көмек ретінде бергім келді. Себебі Құлсарыдағы жағдайды көріп қатты уайымдадым. Бұл туралы ойымды анама айтып едім, ол қарсы болмады. Анам екеуміз апарып бердік. Ішіне хат жазып, құлсарылық достарыма тілеулес екенін, олардың уайымдамауы керек екенін жаздым. Ал бүгін маған арманымдағы телефонды сыйлады, шын қуанып тұрмын, рахмет, - деді жасөспірім.

Айта кетейік, су тасқынынан зардап шеккен азаматтар өтемақы, төлем түрлері, құрылысқа немесе су басқан үйді қалпына келтіруге байланысты qoldau.gov.kz. ақпараттық порталы арқылы ақпарат біліп, өтінім бере алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға