Жаңалықтар

Үкімет жұмысының басты бағыттарының бірі – бизнеске көбірек еркіндік беру

Бұл туралы премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Үкімет жұмысының басты бағыттарының бірі – бизнеске көбірек еркіндік беру
Фото: primeminister.kz 08.07.2022 09:52 1548

Әлихан Смайылов кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кеңес барысында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қоғамдық тамақтану, сауда, қонақ үй қызметтері, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы реттеуші актілерге жүргізілген талдаудың базалық шарттарға сәйкес келмейтін басы артық және бірін-бірі қайталайтын бірқатар талаптарды анықтағанын мәлімдеді.

Алдағы айларда тағы алты бағыт бойынша, ақпарат және байланыс, компьютерлік бағдарламалау саласы, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, жинақтау, тау-кен өнеркәсібі және құбыр көлігінің қызметіне талдау жүргізу жоспарлануда.

Премьер-Министр қазіргі уақытта бизнеске көптеген формальды талаптар қойылғанын атап өтті. Оларды тиісті бақылауды қамтамасыз етуге зиян келтірмейтіндей етіп алып тастауға болады.

Әлихан Смайылов мұндай талаптардың болуы елдегі іскерлік ахуалға кері әсерін тигізетінін, сондықтан орталық мемлекеттік органдардың «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, реттеуші актілері қысқарту бойынша жұмыс жүргізуі тиіс екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы біздің алдымызға бизнеске көбірек еркіндік беру міндетін қойды. Бұл – жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру аясындағы Үкімет жұмысының басты бағыттарының бірі. Тексеруші органдардың формальды белгілеріне қарап бизнесті жауапкершілікке тартуға мүмкіндігі болмауы тиіс, — деді Әлихан Смайылов.

Осыған байланысты Премьер-Министр тиісті органдарға қайта қарау және қысқарту арқылы қазақстандық нормативтік-құқықтық базаны басы артық талаптардан тазарту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету кезінде тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру бойынша тәсілдерін мақұлдады.

–Тексеруші ведомстволар бұзушылықтардың қаупі жоғары болған кезде әрекет етуі тиіс. Бизнеске әкімшілік жүктемені азайту және тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу – жүргізіліп жатқан реформадағы негізгі қадамдар. Орталық мемлекеттік органдардың басшыларына осы жұмыстың нәтижелері үшін жеке жауапкершілік туралы тағы да ескертемін, — деп түйіндеді премьер-министр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға