Жаңалықтар

Техникалық кемшілік. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беру мәселесі талқыланды

Айтуынша, тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңнаманың сақталу деңгейіне тексеру жүргізілген.
Техникалық кемшілік. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беру мәселесі талқыланды
Фото: ашық дереккөзден 05.10.2022 22:25 1489

Астана қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жолығатын техникалық кедергілер талқыланды, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл мәселе туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Айжан Умаралиева ақпарат берді.

Айтуынша, тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңнаманың сақталу деңгейіне тексеру жүргізілген.

Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою қызметтерін көрсету кезінде тіркелген құқық бұзу фактілері анықталды. Атап айтсақ, аталған мәндегі өтініштерді орындаудан бас тартуға негіз болған себептерді түсініктіетіп көрсете отырып, хабардар ету бойынша техникалық проблемалар бар. Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартылғаны туралы мәліметті жолдау кезінде қызмет алушыларға бас тартудың себептерін ашып көрсету техникалық тұрғыдан мүмкін болмаған, - деді ол.

Басқарма басшысының мәліметі бойынша, осыған ұқсас кемшіліктер мемлекеттік бағдарламалар аясында қызмет көрсету кезінде де орын алған.

Қазіргі уақытта, мұндай техникалық мәселе жаңа «Shanyraq» тұрғын үйге кезек» ақпараттық жүйесінде де бар. Ал «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» қызметі бойынша «Kazyna.kz» ақпараттық жүйесінде тапсыру актісін тіркеу, көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты кейіннен тіркеу үшін әділет органдарының ақпараттық жүйелерімен және «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен интеграцияланбаған. Сонымен қатар, «Kazyna.kz» ақпараттық жүйесінің техникалық кемшіліктеріне байланысты қызмет алушылардан ақпараттық жүйелерде дайын тұрған құжаттар мен мәліметтерді талап ету фактілері анықталды, - деген департамент өкілі осы мәселені жою үшін жауапты орталық органдарға қалалық мәслихат депутаттарының ұсынымы негізінде мәлімет жолдау қажеттігін айтты.

Депутаттар ұсынысты қабылдап, Астана тұрғындары тап келетін бұл кедергілерді жою ісінде департаментке қолдау білдіру қажет деген шешімге қабылдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға