Жаңалықтар

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс артты

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс артты
Фото: gov.kz 18.05.2023 02:28 1177

Жаңа оқу-жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс көлемі 50 мың орынға артады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, жалпы колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкер қабылданады, 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мемлекеттік тапсырысты техникалық мамандықтарға қайта бағдарлау бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде ағымдағы жылы техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс көлемі 60%-ға көбейді, – дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісов.

Мемлекеттік тапсырыс геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар, құрылыс және коммуналдық шаруашылық бағыттары бойынша ұлғайтылды. Сонымен қатар, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау енгізілді. Бұл ретте жұмыс беруші үш жақты шартқа сәйкес колледж түлектерін жұмысқа орналастыру міндеттемесін өзіне алады.

2023-2024 жаңа оқу жылында кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың студент қабылдау жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға