Shutterstock

Тегін ІІ көмекші: Alibaba Qwen қалай жұмыс істейді?

Қытайдың ірі технологиялық компаниясы Alibaba өз жасанды интеллект платформасын Qwen деген атаумен қайта таныстырып, бірнеше күн ішінде миллиондаған қолданушы жинады. Бұл сервис ChatGPT мен Claude сияқты батыстық нейрожелілерге балама болып отыр және ең басты ерекшелігі көптеген функциялары тегін ұсынылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Qwen үлкен тілдік модельдерге негізделген мәтінмен, суретпен және құжаттармен жұмыс істей алады. Жүйе сұрақтың күрделілігін бағалап, қарапайым сұрақтарға жылдам жауап береді, ал күрделі мәселелерді терең талдай алады. Сонымен қатар, ол үлкен құжаттарды қысқаша мазмұндап, толық есеп немесе презентация жасауға мүмкіндік береді.

Нейрожелі 119 тілде емін-еркін жұмыс істей алады, оның ішінде қазақ және орыс тілдері де бар. Qwen суреттер мен визуалды контенттерді генерациялай алады: тауар карточкасын, жарнамалық креатив немесе интерьердегі объектілерді нақты фотосурет сияқты көрсетуге болады. Болашақта Qwen Alibaba экожүйесімен өзгеретін болады, ол дегеніңіз – сатып алушы мен қолданушы арасындағы онлайн сауда желісін жеңілдетеді деген сөз.

Сервис Қазақстанда да қолжетімді, VPN қажет емес, қолдануға ресми веб-нұсқа немесе смартфон қосымшалары арқылы болады. Тіркелу үшін электрондық пошта немесе Google/GitHub аккаунты жеткілікті.

Qwen әсіресе бизнес пен онлайн сатушылар үшін өте пайдалы. Тауар сипаттамаларын жазып, SEO мәтіндер дайындап, клиент сұрақтарына жауап бере алады. Сондай-ақ үлкен деректерді талдап, есептерді түсіндіруде де көмектеседі. Сарапшылар бұл жобаны ChatGPT-дің ең мықты бәсекелесіне айналуы мүмкін деп бағалайды, себебі Qwen тегін, көптілді және мультимодалды мүмкіндіктерге ие.