Жаңалықтар

«Тегін ауыстыруға уақыт керек». Бишімбаевтың бұрынғы әйелі балалары туралы айтты

«Тегін ауыстыруға уақыт керек». Бишімбаевтың бұрынғы әйелі балалары туралы айтты
Фото: instagram.com/nazymkakharman 12.04.2024 17:51 3063

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың  бұрынғы әйелі Назым Қаһарман балаларының тегін ауыстыруына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Назым Қаһарман екінші ұлы Кәрім Бишімбаевтың үздік қақпашы атанғанын жазып, жаңалығын бөлісті. Сонымен қатар көпшілікті толғандыратын тегін ауыстыру мәселесіне тоқталды.

Тегін ауыстыру оңай емес! Уақыт керек. Ауыр моральды-психологиялық жағдайына, әкесінің іс-әрекетіне қарамастан өміріндегі қиын маусымды өткізіп, өзінің жас категориясында екінші рет еліміздегі ең үздік қақпашы атанды. Мақтан тұтамын!, - деп жазды Назым Қаһарман.

Айта кетейік, Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы 15 сәуір күні жалғасады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға