Жаңалықтар

Тазы мен төбетті халықаралық деңгейде дәріптеу керек - Президент

Тазы мен төбетті халықаралық деңгейде дәріптеу керек - Президент
Фото: Ақорда 21.03.2023 15:33 1242

Президент тазы иттердің көрмесін тамашалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Nomad» ұлттық саятшылық» қоғамдық қорының төрағасы Болат Құнанбаев тазыны сақтау, өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажет екенін айтты.

 – Құмай тазы – ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық керек. Бұл маңызды іс кәсібилікті талап етеді. Сол үшін арнайы заң қабылдадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға