Жаңалықтар

Тазы мен төбет иттердің жеке-жеке стандарттары әзірленеді

Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы құрылады
Тазы мен төбет иттердің жеке-жеке стандарттары әзірленеді
Фото: massaget.kz 30.11.2022 11:45 2133

Қазіргі қолданыстағы "Үйде ұсталатын қазақы ит тұқымдарына қатысты стандарттарда" олардың өзгешеліктері толық ескерілмеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаты Әмірхан Рахымжанов Мемлекеттік өкілетті орган және ұлттық орталықтағы ғалымдар сарапшылармен бірлесіп, қазақы төбет пен тазы иттерінің өз алдына жеке стандарттарын әзірлейтінін айтты. Депутаттың айтуынша, қазір Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген үйде ұсталатын қазақы ит тұқымдарына қатысты стандарттар қолданыста бар. Алайда тазы және басқа да ит тұқымдарының бойына, жүніне байланысты әртүрлі болып келеді.

 

"Әр өңірде тазымен және төбет иттермен айналысып жүрген азаматтар бар. Иттердің түріне қарасаң, бойлары да бірдей емес. Сондықтан заң шыққаннан кейін осы мәселеге қатты көңіл бөлінеді. Өкілетті орган және орталықтағы ғалымдар сарапшылармен бірлесіп, стандарттарды әзірлейтін болады. Төбет иттердің де стандарттары әзірленеді. Бұрын ондай болмаған", – деді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға