Жаңалықтар

Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 18,5% өсті

Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 18,5% өсті
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 03.05.2023 10:44 1214

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстың жылдан-жылға нығайып келе жатқанын айтты. Бұл туралы ол Қазақстан мен Тәжікстанның бизнес форумында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәселен, елдер арасындағы сауда өткен жылы 18,5%-ға өсіп,1,4 млрд долларды құрады.

Қазақстандық экспорт 9,7%-ға өсіп, 8 877,6 млн долларды құрады. Бидай экспорты 29,3%-ға, яғни 70,2 млн АҚШ долларына өсті. 239,7 млн доллардан 309,9 млн долларға дейін жетті.

Маргарин экспорты 7,6%-ға немесе 15,7 млн долларға өсті. 2,4 млн доллардан 18,1 млн долларға дейін өсті.

Күнбағыс майы экспорты 42,2%-ға, яғни 13 млн долларға өсті. 30,8 млн доллардан 43,8 млн долларға жетті.

Арпа экспорты 2,3%-ға, яғни 9,1 млн долларға артты. 7 млн доллардан 16,2 млн долларға ға жетті.

Болаттан өндірілетін өнімдер, цианидтер, алюминий оксидтері мен гидроксидтерде Тәжікстанның импорты 37,9%-ға өсіп, 501,4 млн долларды құрады.

Министр елдер арасындағы тауар айналымын арттыру туралы жоспар сәтті орындалғанын атап өтті.

Биыл осы үрдістің жалғасын көріп отырғанымызға қуаныштымын. Мәселен, Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт бірінші тоқсанда 21,74% долларға өсіп, 197,5 млн долларды құрады. Осылайша елдер басшыларының біздің мемлекеттер арасындағы тауар айналымын 1 млрд долларға дейін жеткізу жөніндегі алға қойған міндеті сәтті орындалғанын атап өткім келеді. Алайда біз мұнымен тоқтап қалмауымыз керек және нәтижемізді екі есе арттыру үшін әрі қарай жүруіміз керек. Болжамымыз бойынша, Орталық Азия өңіріндегі сауданың жиынтық әлеуеті 10 млрд доллардан астам, - деді министр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Тәжікстанмен бірлескен 418 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 416-сы шағын кәсіпорын.

Қазақстанның Тәжікстан экономикасына салған инвестицияларының көлемі 2005 жылдан бастап шамамен 132 млн долларды құрады, Тәжікстаннан инвестициялар ағыны шамамен 21 млн долларды құрайды.

Сондай-ақ Серік Жұманғарин іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі артуын күтетінін айтты.

Пандемияның аяқталуымен біз ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылымызды арттыратынымызға сенімдімін. Уақыт өте келе біздің елдеріміздің бизнес-топтарының өкілдері арасындағы іскерлік байланыс да нығая түсті. Қазірдің өзінде біз өзара саудадағы әлеуетті көріп отырмыз, атап айтқанда, Қазақстанның жалпы сомасы  140 млн долларға 60 тауар позициясы бойынша өз экспортын ұлғайтуға әлеуеті бар, - деді ол.

Министрдің сөзінше, тауарларды жеңілдікті шарттармен ұсынуға дайын қызмет көрсетушілердің қызығушылығы зор. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы саласы үшін Жерді қашықтан зондтау және спутниктік байланыс қызметтері, ат қызметтері бар. Мемлекеттік басқару мен ғылыми-инновациялық қызметтің цифрлық трансформациясы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға әзірлік бар.

Форумға көптеген компаниялардың өкілдері де қатысты.

Айта кету керек, Қазақстан белгілі бір уақыт ішінде өзінің автомобиль өнімдерін Тәжікстан нарығына экспорттайды.

2017-2018 жылдары Тәжікстанға JAC маркалы 147 бірлік және Peugeot маркалы 10 бірлік автомобиль жеткізілді. 2021 жылдың соңында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өндірген JAC брендінің қосымша 175 автокөлігін жеткізуге келісімшартқа қол қойылды, оның 50 бірлігі 2022 жылы Тәжікстанға жөнелтілді. Тәжікстанға глинозем тұрақты негізде жеткізіледі. Қазір бұл жұмыс тұрақты негізге шыққанына қуаныштымын. Ауыл шаруашылығы саласындағы сауда біздің екіжақты ынтымақтастығымыздың негізі болуы тиіс, - деді министр.

Сондай-ақ министр екі елдің стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілген достық қарым-қатынас орнатқанына тоқталды.

Тәжікстан президенті Эмомали Шәріпұлы Рахмонның Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында біз бүгінгі іс-шараны бауырлас Тәжікстанмен екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейту жөніндегі бірлескен ниетімізді тағы да растай отырып өткізіп отырмыз. Біз Тәжікстанмен кең ауқымды бағыттар бойынша одан әрі жұмыс істеуге дайынбыз, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға