Жаңалықтар

Тажал (жалғасы 3)

Табыл Құлыяс
28.10.2016 06:40 7117

ДАРИҒА, АРМАНЫМ КӨП, НЕ ҚЫЛАЙЫН?!

Естайдың шәкірті Торғай туралы толғаныс

 

Естай кайда барса да кімнің үйіне ат басын тіресе де өзін беталды таныстырудан аулақ еді. Онысы бойға біткен қасиетті өнерге деген нық сенімі болатын. Кішіпейілдігі, қайырымды, мейірбандылыгы бөлек жаралған-ды. Сосын да жокдын деп жұқарып, қамкөңілдікке берілген кезі жоқ. Қонағын қүдайындай сыйлайтын қазақи жомарттығы өз алдына еді. Қара қазан ц иь тқысырайды деп ойлайтын жандар кемде-кем. Естай мейман болатын ауылдың тайлы-таяғы қалмай әнмен сусындауға иін тіресіп түратыны сондықтан болса керек. Сосын ел адамдары мынау кім деп дүрдимейді. Қатты дауыс көтеріп бөгде одағай мінез танытпайды. Үлкенді үлкенше, кішіні кішіше сыйлап, имандылық жарығы көріктенеді. Сезімді сана жеңеді, аяқтарын да аңдап басып, аса зор құрмет көрсетудің орыны да ерекше екен-ау. Осы ауылдың ойлыларына Естай бір келгенде Абайдан суыртпақтаған: «Қу өмір жолдас болмас әлі-ақ өтер, өз күлкіңе өзің қарқ болма бекер! Ұятың мен арыңды малға сатып ұятсызда иман жоқ, түпке жетер» дейтін өлең жолын біразы жаттап та алыпты.

Естай халықтың жоқ-жүпыны тірлігін көрді, оқыған, тоқығанының аздығын сезінді. Күйкі мезгід құлашты кеңге жазып, еркін тірлік ете алмағанына қыжылы көп-тін. Өкініші мол болса да сенімі шытынамаған, үміті үзілмеген, келер күнге іңкәрлікпен тірлік кешті. Қанша күйзелсе де жанына медеу ететіні жүрт төзімі темірдей. Солардың іші пыспасын, қасірет түтқынынан бір ауық серпілсін деп, торлаған қара бұлт сейілсін деп, өнерін елге паш етті. Сондықтан да әр ауылдағы замандастары оны сағына қарсы алатын-ды. Қайтеді енді, өткен күнін өкіне жоғалтып, күңгірт үміттің, сұрғылт тірліктің қармауындағылар Естай өнеріне ден қойып бір жасап қалатын. Бір сәтке болса да тіршілік бейнетін ойлаудан тиылып:

– Ой, бәрекелде, шырқа Естай!

– Мың жаса!

– Өркенің өссін, мүңсыз бол! – дейтін тілектерін қарша боратып. Кеңес үкіметі келіп, өлген тірілмей, кеткен келмей, естілік есіктен шығып, бассыздық Шаңырақтан кіріп жатқан аласапыран тұста өнерді багалап, күрметтей білетін жан некен-саяқ көрінуші еді. Сырттағы сына қағар суық көздің домбыраға сұғы қадалып бірен-сараң болса да өрі-сөрілікке үрынып жүрген жастар да, жырық етек белсенділер де байқала бастады.

Барды жоқ етудің тағы таңбасы қорқынышты еді. Ондай ессіз есерлерді көрсе, Естай қынжылып Үмбетей жыраудан сөз қозғайтын-ды.

Ұл он беске келгенде,

Қолға ұстаған қобызың.

Ұл он бестен асқан соң,

Тіл алмаса доңызың,

деп ойға он кабат орантатын. Оны да біреу түсінді, біреу  түсінбеді.

Әйтеуір, армансыз пенде жоқ.

Күпті көңілге араша түсіп шаттық, қуанышқа жарасатын өнерді әрі қарай жалғастыра беруге жан дәрмені жеткенше жанталасқаны ұмытылар ма? Қасіреттің уын ішкенге өнердің емі нағыз шипаның өзі еді. Соны ойлап Естай ақын:

– Желкілдеп өсіп келе жатқан Торғайдың замандастары бақытты болғай! – деп бүлдіршін .қыздың түлымынан сипап, домбырасын шертер еді. Бүгінде сол
көріністер арада қанша жьш өтсе де Торғайдың түсіне енеді. Туған үйінің жүпыны тірлігі, қаракүңгірт қалпында. Естай аға деп дауыстағысы келеді.
Көгілдір перде... Алыстан ақын, әнші, композитор Естай домбырасын баппен шертіп өмірі қажымайтындық байкатады, жігерлі ерекше қайрат иесіндей елес
береді. «Қызым жетімдіктің кдсіретін аз тартқан жоқ едің, адамға қырык жыл дөулет, кырық жыл бейнет деген. Шыдадың, жендің, осы өнердің арқасында бәрі жүзеге асты. Ізбасарым болғай деп тілеп едім, оны да қадір-халіңше орындадың. Ризамын, қызым!» дей ме? Талай ана қыз бала өлсе де разы болып, қара шаңырақта ұл бала калса деген ақ ниетпен жанұшырды.

Ондай ерлік қазақ әйелдерінен басқа қай ұлтта бар дейсің? Ағаларың Жамбай, Амантай тірі жүрсе деп асты алдымен соларға ұсынатын.... Сосын ыңылдап

жоқ, жұпынылықты, жесірлікті ұмытқысы келе ме, ел аузындағы Естай қайдасың деп күрсінеді де:

Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын,

Табиғат берген екен күн мен айын.

Мүратқа іздеген жан бәрі жеткен,

Дариға, арманым көп не қылайын...

Көз жасы дөңгеленіп, оны жаулығының ұшымен жасырып, анасы Торғайды бауырына басады. Ана құшағы неткен жылы, неткен қасиетті, тіпті ашқүрсақтығын да ұмыттырып өмірге құштарландыра түсетін құдірет. Бір тойынса кешегісін үмытатын ақылсыздықтан аулақ еді. “Тірлікте арзан, татымсыздық жетеді, оған алданба, қызым. Өнер ғана өзегіңді талдырмас...” деп Торғай жетпістің қырқасына шықса да анасы ақыл айтатындай еді.

Отыз жетінші жылдары Торғай Ерейментау қазак орта мектебінде оқып, әр сыныпты мақтау қағазымен бітіріп ауызға ілікті. Кішкене май шамның жарығында қадала оқып, білсем, үйренсем, бақытты күнге қолым жетсе деген үзілмес үмітпен, үлкен сеніммен өмір сүріп еді. Өнерпаздар  үйірмесіне қатысты, Бабақовтың әліппесімен домбыра үйренді. Бірте-бірте мандалин, скрипка, сырнай тартып жүрді. Бойындағы талантты іркіп калмады. Бәрін білгісі келді. Сол отыз жетінші жылы Алматыдағы республикалық өнер жарысына қатысты. Онда да алдыңғы орынды меншіктеп жүлдеге ие болғанда өнерлі ұрпаққа төрелік еткен Жамбыл, Дина, Күләштар арқасынан қағып үлкен әлемге канат қақкан болашағымыз деп бағалады. “Қызым, өнерің халықтыкі, оқуға түсіреміз. Алматыда қал” деген Жамбылдың сөзін ұмытар ма?

Торғай сол минөттерді есіне алса әлі өкінеді. Ақыл тоқтатпаған, Ерейменнен басқа жаққа шығып көрмеген жастығын кінәлайды. Соны естіген Жамбай ағасы «Тірі жүрсем оқытам» деп жүбататын-ды. Сөйтіп, расында Торғай 1940 жылы мүғалімдер даярлайтын училищеге оқуға түседі. Қайыржан Сәркеновпен тұрмыс құрады. Қайғы, мұңдарды ұмыттырып күндер өтіп жатады. Қайыржан да Естайдың әндерін ыңылдап айтты:

Көзінің қаралығы қарақаттай

Сөзі бар ақ кдғазға жазған аттай.

Көзіндей қүралайдың ойнақтатып,

Арман не сені құшқан азаматта-ай!—

деп еркелетіп аялайтын еді.

Кенет Торғай ойға шомады. Қорлан да, Юран да, Естай да дүниеден өтті. Қараөткелдің мақпал топырағын жамылып, мөңгілікке тыншу тапты. Аңсау мен зар, мүң-мен мұнарлы ой торлайтын сұрапыл соғыс алдындағы кез екен-ау. Көңілі торығып, бір үзім нанды аңсайтын қатал тағдыр жақындығын тым ерте сезді ме? Қалың елдің көкірегінде буырқанған қанды көк, сұрапыл соғыс бұрқ етті. Ауыл қайғымен күңіреніп жатты. Елде қалған қарттар мен естияр балалар көктем шығысымен таңдайына тартып отырған жалғыз сиырларын соқаға жегеді? Әр үй үкіметке 10 килограмнан май, қолқап, шұлық, қоян, тауық, әйтеуір бәрі де майдан үшін дегенге айналды. Аш, жалаңаш бала-шағаның көз жасы. Оны аз дегендей соғыстың екінші, үшінші жылында қақаған қыста дірдектетіп неміс, чешен, поляк тағы басқа да толып жатқан халықты ауыл-ауылға бөліп орналастырды. Атасы аңшы еді, күнкөріс талшығы болғасын бір неміс әйелі мен чешен қызын асырап алады. Бір үзім нанды бөліп жеп, жаратушыдан соғыстың аяқталар күнін күтеді. Содан қорғасындай ауыр күндер сараң жылжып, 1945 жылы Қайыржан аман-есен елге оралды. Асыл жарының майданда жүріп жазған сағыныш толы хаттары Торғайға дем беріп, жігерлендіретіндей сезінеді бүгінде. Біреулер бай болсам, ел алдына шықсам дейді, тіпті бесік табы белінен шықпай шет ел мәшинесімен сайрандап, нетүрлі байлықты ұрлық, қорлықпен меншіктеп жүрген өзімшілдер аз ба? Оларға соғыс жылдарындағы таршылықты, жоқтықты, ауыр азапты, жалаңаш-жалпылықты, айтсаң нанбас еді. Ақыл айтсаң былшыл санайды, жарты әлемді жарымес еткен Майклдің үнін теледидардан, бейнекөріністен көрсе, «болдым, толдым, менен артық адам жоқ, сезімім қанағат тапты» деп шолақ ойлайтындар толып жүр. Шын бақыттылық шынайы өнерде екенін ұғынбаудан азап не бар? Талай замандастарымыз тар жол, тайғақ кешуден тайсалмай өтіп, шүкіршілігімен тірлік кешкенінде:

Ертістің арғы жағы — Арқанаты, Әншінің домбырасы қолқанаты. Жағалап Қара ертісті Естай ақын, Деп салған «Жай қоңыр» деп әннің аты... Осылай ақырғы демі бітіп жарық дүниемен қоштаспады дейсің бе? Тағдыр оған жары Қайыржанмен бірге ұрпағын төрбиелеп, қосағымен қоса ағаруды жазбады. Біраз жыл халық соты болып қызмет атқарған Қайыржан бейнетінің зейнетін көре алмай, дүниеден озды. Өнерімен жастайынан Ақмола өңіріне танылған Торғай Сәркенованың өмірі «Дариға, арманым көп не қылайын» деп жұбаныш сазына тұнып тұрғандай-ау дейсіз. Жан азабын шеккенде әлі күнге домбыра серігі, мойып мұңайған шақтарда ақындық өнері, біреудің жамандығын көріп денесін ыза, кек буғанда Естайдың өршіл рухы – жүгінері.

Сол есіл Естай ағасы: «Торғай құлыным, адам уақытқа тәуелді болып, жақсылықтың бәрін жиып қойып лағып кетпесе жақсы. Ал, өнерге тәуелді болған уақытпен санаспайды, қуыс кеуделік, нетүрлі бейбастықтан аулақ болады» дегені дәл бүгінде де маңыздырақ көрінеді. Өйткені теледидарды ашып қалса, нетүрлі азғындық, қанжоса кырғын, көргенсіздік, ойдан шығарылған алағай да бұлағай, ұлттық санамызға қым-қиғаш, кәдеге аспайтын бірдеңелер. Онға тарта тілде хабар беріледі деп, дәріптеп далбасалау неменеге керек. Өзгенің ақымақтығын насихаттағаннан гөрі өзіміздің ұлттық қасиетіміздің жақсылықтарын өзге халықтар неге үйренбейді. Әлде өзіміздің мәңгүрттеріміздің әрекеті ме?! Тілді білмеу мәңгүрт деу аз, осы ұлттың сатқыны, бақытсыздар деп кінәласақ артық емес. Түптің түбінде сол сатқындардан халық опық жемесе не қылсын? Иненің жасуындай жамандықтың өзі таудай жақсылықты талқандай алатын шығар.

Торғай қатал тағдырдың қабыргасын қайыстыратын тұстарында да шаңырақты шайқалтпау ұлттық сананың құндылығы деп бағалайды. Сосын да түк татымы жоқ оқиғалардан ұрпағын сақтандырып, адамгершілік сезімін ақтарып отырады. Үлгі ететіні – өнер ұлылығы. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, үбірлі-шүбірлі болса да шүкірлігінен жазбайды.

Рухқа адалдығы ұрпағының қызығын көре беруге жазған шығар. Ол домбырасын бабына түсіріп, жас келсе де даусын, үнін сақтаған қалыпта Естайдың «Бір мысқалынан» әндетіп берді.

Күлкісі көңіл ашар гүлстандай,

Болғанда озі мүндай, жүріс қандай.

Көтеріп алақанға отырсам да,

Білінбес ауырлығы бір мысқалдай... –

деп шырқады да Торғай ауыр ойға шомды. «Бір тиындық құны жоқ өнер көбіне марапатгалып жатады. Ал, халқының жүрегінен жол тапқан, мән-мазмұны анағұрлым құнарлы, нәрлі шығармалар көзден таса қалып жатады. Кәне, өнер де бақытты, бақытсыз болмайды деп көр. Демек, пенде нағыз көркемдік пен шынайылықты кейде нақтылап сезе алмай қалады. Күні кешеге дейін әу десе «Қорланды» шырқамайтын қазақ болды деймісің. Сонда қариялардың өзі өкініп: “Пай, кімнің Қорланы қайда қалмады” деп көзіне жас үйірмеді деймісің. Ол әнші, композитор Естай өнерінің бақыты еді. Ал, ел аузындағы бірқатар әні жинаусыз қалды. Коммунистік қоғам өзіне керектісінен басқаны шеттетіп жіберді. Ол өнер адамдарының бақытсыздығы еді. Енді бүгінде де өнеріміздің артықшылықтары мен асыл қазыналарын жинастырып кеңінен таратуға мәңгүрттік кеудемсоқтық, өзімшілдік колбайлау болып отыр.

Бүдан айтпағымыз Астана қаласында «угольная, кирпичная, заводская», тағысын тағы толып жатқан атаумен аталатын көшелер мен өткелдер аяқ алып жүргісіз. Сөйте тұра заманынан озық ойлы онер қайраткерлері, иісі қазақка кеңінен танымал болған Мариям Жагорқызы, Естай, Иманжүсіп сықылды рухани тіректеріміздің есімін көше атауына беру қолға алынбай отыр.

Естайдың туған жиені Елемес Балтықова: «Естайдың шығармашылығын ағайын, туыстары, ұрпағы қолдан келгенінше жинап кітап етіп шығардық. Әлі де көп жүмыстар атқаруға болар еді, әттең қол қысқа, басшылық жүйеге халықтың сөзі өтімсіз» – деп қынжылыс білдірді. Сол сәтте Естайдың: «Дариға, арманым көп, не қылайын» деп заманында зар-мұңын шерткені еске оралып, қасіреттің улы оғы жүректі тесіп откендей сезінеді екенсің. Қайтеміз, рухтың обалы ойсыздарға деп күбірлейсің...

 

 

                 С Ә К Е Н  Ж Ә Н Е  Ү З Е Ң Г І Л Е С Т Е Р І   

 

  Заманында бір адамдар тарихта болады, жоғарылаған жұлдызын төмендетпей ғасырлар бойына есімін ұмытылмастай тастап өтетін.Солардың бірі Сәкен Сейфуллин. Маңдайына кезеңнің дауылды құйыны, үрейдің кеуде қысып үріп тұрған кезі тап болған-ды.Ақмола қаласында Колчак бандыларының қолына түседі.Ресейдің мың жарым толнна алтынын шет елге тасып жатқан Колчак қанішерлері Омбыға бір топ қайраткерлерді айдап әкеткені тарихтан белгілі.Колчакпен ауыз жаласқан казактар кімді аясын. Сәкенге де ит қорлығын көрсетіп Омбыға жеткізеді.Бұл кезде Дзержинскийдің бұйрығымен бір мың казакты аттырып, үйлеріндегі алтын,күміс, брилиандтарды сыпырып алғанына өшіккен казактардың көздері қанталаулы еді. Айта кетелік Омбы 1934 өз алдына облыс атанған-ды.Бүгінде екі миллионнан астам адам мекен етсе, оның біразы қазақтар.1925 жылы омбылықтардың саяси өмірі Тұрар Рысқұловпен сабақтас жүреді.Ірі қоғам қайраткері Тұрар ол кезде РСФСР Халық комисариаты передседателінің орынбасары болғанын да тарихтан білеміз.Міне, осы тұста жауыздықты кішкентайдан өсіріп Алаш ордашылармен Тұрар бірігіп кетті. Оңтүстік Батыс, Сібір, Қазақстан және Орта Азия елдерінде түрік тектес елдердің жеке мемлекетін құруға әрекеттенді-мыс, аштан қырылғандарға көмек беріпті-мыс, деген сыбысты СССР көсемдері кеңінен таратып, пыш-пыштай бастаған кез-тін.Сөйтіп, Омбы өңірінде Рысқұловшылар мен Сефуллиншілер делініп ұлы тұлғаларымызға сенімсіздікпен қараудың түтіні бұрқ ете түседі.Езсіз әмірлікпен елді бұзудың қат-қабат жасырын тірлігін бастаған қан жоса қырғын Сталиндік террордың құындатқан құтырынды желі ауыл-елді аяусыз кезіп, талай боздақты қыршынынан қияды.Солардың бірі Мұқан Айтпеновты айта кеткен жөн.Оаған тағылған басты кінә Сефуллинше шындықты айту еді.Қазақ халқының 1932-1933 жылдардағы аштықта қырылып жатқанын, үкіметтің көмегі жоқтығын көпке жариялағаны болатын-ды.Шындығында Айпеновтың бұлтартпас дерегінде 34 мың 100 қазаққа нан салғы,оны азсынсаң 22 мың 300 қазақты әкімшілік жазаға тартқаны, кеңес белсенділернің адам төзгісіз қорлығы деуі еді.Онымен қоймай мүліктердің салығына айып есебінде 23 миллион сом төлетіп 53 мың 400 малын тартып алып құжатқа тіркелгені көрсетілген екен.Омбының жергілікті қазақтарының осындай аштыққа ұрынып,үреймен зобалаңға шыдамай қалың қазақтың тірі қалғандары, 200 мың қазақ туған ауылын, ата мекенін тастап басқа елдерге қаңғып кеткені құжаттарда нақты көрсетілген-ді.Сөйтіп, Сейфуллиншілердің бірі 4 ай тергесе де жоғарыдағы деректердің шындығын көзбен көрген тергеушілері кінәлі дей алмағанға ұқсайды.Қызыл террордың тау бұзғандай екпіні  ақырында Айпеновқа Алашордашыл, ұлтшыл, Рысқұловшыл,Сейфуллиншіл делініп контрреволюциялық төңкеріс жасап түрік мемлекетін құруға әрекет еткен деген айып тағылады.Сөйтіп, Сібір әскери прокоротурасының үшік баскесерлері Черлак ауданынан Айпеновпен бірге 41 қазақты халық жауы деп, оның 37-сін атуға үкім шығарады. Ал Азов ауданынан мемлекеттік төңкеріс жасағысы келгендер деген желеу, жалған дерекпен тұтқындалған 30 қазақтың 25-іне атуға үкім кесіледі.Олардың қатарында партия, кеңес қызметтерінде болған Ахмет Нұржанов,Айдархан Тұрлыбаев,Мағзұм Әкімбаев, Қожахмет Кеменгеров, Шарбақкөл аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы Ғабдолла Құсайынов,газет қызметкері Әшім Исабеков және басқа да толып жатқан жазықсыз жандар сталиндік зұлматтың құрмалдығына шалынған.Олардың қатарында әлемдік сот атанған Ақмолалық Айдархан Тұрлыбаевта бар екен.Ол Ақмола қаласында Колчак бандыларының түрмесінде  Сәкенмен бірге азапталса да үкіметке жақпай Сефуллиншіл, Рысқұлвшылдың қатарына ілігіп кете барған.Сол кезде төңкерісшіл атанып үштіктің ажал нысанасына іліккен 62 омскілік қазақтарды арада 20 жыл өткен соң Рысқұлв,Сейфуллиннің  ақталуына сәйкес Сібір әскери трибуналы, ерекше омскілік үштіктің жалған құжаттарын Омбы мұрағатындағы деректер тайға басқан таңбадай заңсыз деп дәлелдеп отыр.Ал, халық жүрегіне жұлдызы жоғары болып орныққан Сәкен қақында ел тарихынан мағұлматы мол,баспасөзге үзбестен араласып жүрген Есенболов былайша толғанды:

  -Бір айта кететін нәрсе Сәкен еңбегінің қазақ халқына да, орыс халқына да ортақ, замандастары ерекше ардақ тұтқан ірі тұлға.Омбыдағы «қазақ» қоғамы және «Омбы үні» газетінде Сәкен жайында талай тың дерктерді жинастырып оқырмандарға жариялады,өзім де білгенімді, естігенімді жаздым.Әділетсіздікті, адамдардың қанын сүлікше сору езгісінің шындығын шырайлы айтып арашалайтын, халықтың ойларын бүкпесіз айтатын, түсіндіретін газет болмақ.Езгі дегеннен шығады Сәкеннің замандасы, қазақ ойшылдарының бірі  Қошке Кеменгеров «Езілген ұлттар» еңбегінде: «Ресей үкіметі қазақ даласын Индияға шығатын ауыз болады» деп қазақ хандарын ақша, медаль, шекпенмен алдайтын болды.Қазақ даласына қанды тұяғын батыра алған соң,қылыш-мылтық,найза, қамшыны жұмсады.Жерге қолқа салды, керегін тартып алды.Россия үкіметінің қазақ туралы мынадпай қанды саясаты болды.

  1.Қазақтың байлығын сүліктей сору.

  2.Қазақтың сорпаға шығарларын сыпырып,қазақты шөлге қуу.

  3.Ауылнайлық билік,облыстық партиясының отын үрлеп,май тастап,қазақты бір-біріне қарсы қойып,ұлттық азаматтық сезімін өсірмеу.

  4.Қазақты жағындыру.Осындай қанды саясаттың дәмін қазақ елі қай бұратанадан да кем тұтқан жоқ.Басқа келімсектер қазақ жеріне алғашқы дәурде қазақтанда, үкіметтен де сұрамастан өз беттерімен орнықты.Бері келе патша үкіметі келімсекті қазақ жеріне шегірткедей қаптатты.Келімсектерге жәрдем көрсетті.Адам шығынынан оларды неше жылдай азат қылды.Қазақ елі орыстан білім ала алмады. Қазақты бағындырған орыс дөрекі мінез, надан болды.Үлгі болудың орнына үкімет қазақты талады.Алдауға үйретті,-деп «Омбы үні» газеті ұлтжанды азаматтарымыздың езілген ұлттар тағдырын батыл жазғанын жастарға, оқырмандарға жеткізді.

  Сәкен және оның замандас ойшылдары Қазан төңкерісінен бостандық, теңдікті алдымен күтіп қара халықтың мұңын жоқтап капиталист,байлардың зәбір жапасынан құтқаратын бірден-бір жол деп түсінуі де осындай тарихм негізде демеске қақымыз жоқ.Расында қазан төңкерісі алғашқы кезде,социализмның сипаттары езілген халыққа жайсыз болды,-деп ешкім айта алмайды.Есенқұл Есенболов ойын тежеп ашық аспаннан жарық жұлдыздарды іздегендей тебіренді.

  Ертістің терең өзені үнсіз ағып жатыр.Үйдей-үйдей сеңдерді де міңгестіріп толқын алыстан ұсақ көрінеді.Мұнысы тереңдіктің нышаны және дауылдың жоқтығы.Төңіректі түн қымтасымен жұлдыздар сәулесі өзенге құлайды.Сөнбейтін жұлдыздар сүгіреті қалады.Өзеннің түпсіздей қап-қара иіріміне қарап тұрып, көңіл шіркін қобалжиды. Анау жағада Сәкен жүгіріп келіп,білім дариясының тереңдігінен інжуді аламын дегендей, жұмсақ желмен үн қататын тәрізді. Ақын Сырбайша айтқанда: «Халқының заңғар биік бір ерекше, бір өзі байтақ жатқан жыр өлкесі, көркіндей Көкшетаудың қияпаты, аққу-жан,сері-көңіл, ұл еркесі,- деп,ұлылаған Сәкен қалам құдіретімен бұл дүниенің даңқына бөленді.Қазақ аспанында сөнбейтін жұлдыз боп қалды.Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан құрметке айналды.Енді қаламмен қалтқысыз халқын басқаруға ұмтылған Сәкен осынау Ертіс өзенінің салтанатын келтіріп тұрған Омбы қаласына 1913 жылдың 15 мамырында оқуға келеді.Сол кезден бастап оның өмір-тірілігі қақындағы деректер Омбы мұрағатында сақталған екен.Мұрағат қызметкерлері де достық неиетімен Сәкенге байланысты деректерді алдыңа жайып салады.Сәкен туралы деректердің көбісін өзімен бірге оқыған досы Иванов жинастырып, мұқияттап қойғанына шексіз алғысыңды білдіресің.Сөйтіп,Омбы мұрағатындағы деректер Сәкеннің мұғалімдік семинарияда оқығанынан басталады.Ақмола облысы, Нілді болысынан білім іздеп, он сегіз жасында келсе бейтаныс қалаға тезінен сіңіседі.Биіктерге самғауды осы жерден бастайды.Каптиалистік езгідегі халықтың қолына теңдік,еркіндік, елдік қасиеттер арман болған кезең.Соны шәкіртерінің көкірегіне дарытып адалдық, ерлік нышаны еткен ұстаздар қауымы және өзінің алғыр ойлы замандастары Абылайханов, Әлібеков,Байлин, Арыстанбеков, Баржақсин,Кадочников,Нұрымов, ірі мемлекет қайраткерлері Нығымет Нұрмақов,Александр Иванов сықылды толып жатқан Сәкеннің замандастары революциялық дауыл алдында тас-түйін боп тұрады.Қазан төңкерісінің шу дегенде қай халыққа да тигізген пайдасы аз емес екенін бүгінде біреу ұғынар,біреу ұғынғысы да келмес.Бірақ, сол кездегі Сәкеннің жүрегіндегі арман қаналудан қабрғасы арса-араса боп жүдеген, қара түнектен езілген халық еркіндік-теңдікке қол жетуін, бодандықтан құтылып шығатын жолы төңкеріс екенін ұғынуы заңды.1900 жылғы есептегі 8 миллион 200 мың қазақтың ауыр халі жүрегін тебірентпей қоймайтыны белгілі.Сондықтан да Қазақтың Ұлттық сезімін оятушылардың қатарында Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынов,Мыржақып Дулатов, Меңдешов,Мырзағалиев,Нұрмақов,Сейфуллин және басқаларының бүгінгі ұрпаққа сіңірген еңбектеріне мыңдаған жылдар өтсе де тарих төрінен орын беру лайықты.Қазақ аспанының сөнбейтін жұлдыздар шоғыры деу ләзім.Айта кетсек Омбы мұрағатындағы 299 қордағы деректер Александр Иванов мұғалімдер семинариясында Сейфуллин, Нұрмақовпен бірге оқығанда ұлы достықты үйрендік деп «Омская правда» газетіне тебірене жазса,белгілі артист Панонамеров: «Менің замандасым Сәкен» деп естелігінде Сәкеннің алғыр ойлылығын, халқының азаттық аңсағанын тілге тиек етеді.Омбыдағы Ахмет Байтұрсынов ұйымдастырған «Дастан» әдеби,тарихи клубы Абай,Мағжан,Шәкәрім,Жүсіпбек, Мыржақып шығармаларын негізге алады.Айта кету керек қазақтың ойшылдарының тағы бірі-Қошке Кеменгеровтың «Бостандық жемісі», «Қасқырлар мен қойлар» сияқты драмалық шығармалары, «Қазақ тарихы», «Бұрынғы езілген ұлттар», «Қазақша-орысша тілмаш» , «Оқу құралы», «Химия» оқулығы және басқа толып жатқан еңбектері де Омскі топырағында қазақ халқының бодандықтан құтылып, ғылым-білімге қол созуға арналған теңдесі жоқ еңбек.Бодандық демекші,сол ойшылдардың қай-қайсысы да Асан қайғының: «Мұнан соң қилы-қилы заман болар,заман азып,заң тозып жаман болар, қарағайдың басына шортан шығып, балалардың дәуірі тамам болар,ол күнде қарындастан қайыр кетер,ханнан күш,қарағайдан шайыр кетер, ұлың-қызың орысқа бодан болып, қайран ел, есіл жұртым сонда нетер» дегені Сәкен замандастарының көкірегінде қатудай қатып тұрмады дейсің бе? Сөйтсе де, қазақтың Абайдан үлгі тәлім алып, орыс ғылымы арқылы әлемге құлаш сілтеуді аңсаған асыл азаматтарымыз Қазан төңкерісінен үлкен жақсылықтар күтті.Бірақ оның бәрі керісінше екенін, мемлкеттің басқа ойлы бағытын өзгерту бірдің ісі еместігіне кейін түсінгендігінен Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ» газетіне жазған мына мақаласынан түсінуге болады.

  Онда: «Николай түскеннен бері жұрттың сүйенген-таянғаны Құдайдан соң, Құрылтай еді,Құрылтайдың басына бүтын көтеріп тұрып большевик сарыды»деп,ашына айтады.Міне, сөйтіп қазақтың зиялыларының көкірегінде қалың өкініш аңғарылады.Демек, қазақ халқының біртуар ұлдарының бірі Сәкен есімі Омбылықтар жүрегінде қаншама жылдар өтседе жазылған хаттай кіршіксіз сақталып келеді.Сәкен атындағы көше бар.Сол көшемен жүріп келе жатып Сәкен жүрегінде ұзақ жыл езгідегі үрейлі халық болашағына сеніп жұлқынып шыға алмайды-ау деп ойлады ма екен дерсіз.Қазақ ұлтының Даналарына байланысты деректер мұрағатта жетерлік екенін,Сәкеннің Калчак бандыларының тұтқынына түсіп,азап вагонынан тартқан зәбірі, тіпті Сәкеннің жұмсақ әзілдері,өткір сатиралары жайлы деректер баршылық. Оны көздің қарашығындай сақтап отырғанын мұрағат қызметкерлері Ленчевская, Пугачева,Панина жылылықпен айтады.Қазақ зиялылары үстемдіксіз еркін өмір сүруді аңсады.Олардың арманы бүгінде орындалды. Омбы облысында 115 ұлттың адамдары тату, тәтті өмір сүріп отыр.Қорыта айтқанда тар жол, тайғақ кешу кезінде Сәкеннің де, замандастарының да азапқа толы өмір тарихы болашақ ұрпақтың есінде жүретін шежіресіндей десек артық емес.   

 

 

                    А Й Н А М К Ө З

 

  Кешеден бергі жүріске шыдамады ма, Мұхиттың астындағы аты шабансып келеді.Соған ызасы келген әнші атты бір тебініп сегіз өрме қамшымен бауырлата осып-осып жіберді.Торы әудім жерге дейін текіректеді де жүрісін қайта баяулатты.Ақыры аяңмен ауылға иек артты.

  Шетке таман отырған қоңыр үй әншінің көзіне өз үйі, өз тірлігіндей боп оттай басылды.Әнші сол үйдің сыртына келіп аттан түсті.Торыны қыл шылбырынан белдеуге байлады.Ердің қасындағы серігі киіз қапты домбьраны қолына ұстап үйге енді. Үйде отырған жігіт:

  -Төрге шығыңыз.Қысылмаңыз,-деді.Бидай өңді, орта бойлы әдеміше келіншегі көрпе салды.Қара мақпалмен тысталған көпшікті әншіге ыңғайлап қойды.

  Мұхиттың өткір де, өжет жас шағы.Қылыштың қырындай кезі.Ешнәрседен жасқанып-тайсалмай жүрген отты да алаулы мезгілі болатын.Ол қонаққа тән сыпайыгершілікпен домбырасын оң жақтағы керегеге сүйей салды.Сырт киімін шешті.Оны қағылез үй иесі қағып алып, кереге басын ілді.Сонсоң:

  -Жол болсын замандас? «Мыңның жүзін танығанша, бірдің атын біл» деген бар.Жөн сұрасып, таныса отыралық?-деді.

  Жігіт жәй жымиып күлді де:

  -Кісі жатырқап көргеніміз жоқ.Мал-дәлет жарлылығын берсе де, көңіл тарлығын бермесін, деген тілегіміз бар.Ердің ерге еркінсуінің несі айып.Салқын суға жуынып, өз үйіңіздей рахаттанып алыңыз.Өмірде «Қонақтың дауысы зор», деген бар ғой.Меймансыз.

  Жігіт сөзін жиғанша Құралай қыз  шіләпшін мен құманды дайындап та үлгерді.Сызыла әнші қолына су құйды.

  Киіз үйдің іргесі түрулі еді.Кешкі самал гулей еніп, үй ішін кезіп жүрді.Келіншек ыз еткен желден абыржып:

  -Еркежан іргені түсірші?-деді ұяң тілмен ымдап.Іле қыз сыртқа, ұмтылды. Осы кезде далада жаңбырдың сіркіреп өткен дыбысы сезілді.Бұлтсыз аспандағы  өткінші жауынға таңғалған жігіт:

  -Жаңбыр сірікірей ме, қайтады.Бұлт жоқ еді,-деді.

  -Е, бұлт жауа ма, бұйрық жауа ма, деген емес пе.Бұлтсыз күнгі  нөсер де.Әнші есіктен биязылықпен еніп келе жатқан сұлу мүсінге көз салды.

  -Даламыз жауын сағынып тұр еді.Шөптің шаңын басса да жақсы болды. «Құтты қонақ келсе қой егіз табады» деген. «Үй иесі ақтарыла сөйледі.Ақ пейілінің бір қырын танытып тастады.

  -Құтсыз қонақ болудан сақтасын,-деді әнші күлімсірей.

  Келіншек күрең шайға қаймағын молдау қатып бабына келтіріп құйып отыр.Қонақ күтудегі ілтипаттары  үйдегілердің бәрінің де жүзінен ап-айқын байқалады.Ысытық ықыласты жандар екеніне әнші іштей риза.Ат соқтылық пен шаршауды ұмытып қызу әңгімеге беріліп отыр.Шай үстінде әнші:

  -Есімім Мұхит,-деп таныстырып та қойды.

  -Е, әнші Мұхит па,-деп жігіт үн қатты.-Атыңызға сырттай қанеықпыз.Ел мақтаған жігітті бір көрсек деп армандаушының бірі едік.Құдай айдап өзіңіз келіп қалдыңыз.Бұдан артық жақсы болар маЕнді тіпті ұлықсатымыз жоқОсында қанша күн жатсаңыз да мапахана табылар.Жақсы жүрген жеріне кент салмаушы ма еді.Соны күтеміз.

  -Ол дұрыс қой.Қазақта әнші де,ақын да, күйші де аз емес.Атымыз оза шаппағанымен, даңқымыз жер жармағанымен ептеп ән шырқап, көңіл көтерер ермегіміз бар.

  Мұхит ауыр ойланып қалды.Жігіт оның жанарынан ұшқын теуіп келе жатқан жалынға тесіле қарады да:

  -Екі сиыр,екі баспақтан артық малыңыз жоқ болса даосынау һәни жалғанда сізден бай болып кім өтер дейсіз.Кейінгі ұрпақ пәлен ақын, әнші болыпты,ол былай деген екен деп мәртебеңізді биіктетіп, жиын тойда әніңізді шырқап сәндендіріп отырар-ау, деді жайраң қағып. Сөйтті де оюлы кебежеге  сүйеулі тұрған қара домбыраны алып, Мұхиттың әні «Айдайды» шырқай жөнелді. Әнші жігіттің өнеріне риза кейіп танытып, көңілі толса да:

  -Әнді әсерлеп салуға көп әуестенбе.Домбыра үнін дауысыңнан басым шығармасаңшы? Домбыра дауысқа демеу, сүйеу ретінде болғаны дұрыс қой,-деп кеңес берді Мұхит.

  -Әңгіме-дүкен құрған соң іркілмей отырғанды ұнатамын, бүкпесіз еркін сөйлесейік,-деді жігіт.-Байқауымша, жасымызда кереғарлық жоқ сықылды.

  -Аттай отыздамын.

  -Оты-з...Еһе, түйедей құрдас болдық.Құрдаста елдік жоқ,деген.Әзіл-қалжыңымыз болса көңілге дық санамалық

  -Құрдас болар адам табылса Мұхит жатырқамайды.Жатырқап та көрген емес.Халыққа қарап бой түзеп жүрген жай бар.Халықсыз тірлігім қанатсыз өмір болар еді.

  Осылай тіл қатқанк езде дастархан жанында отырған қыз әншіге көз қиығын тастады.Мұхит та қыз жүзін толық көріп, ерекше келбет сұлу мүсінге  қайран қалды.Іштей: « адам баласына бітпеген сұлулық десе де болады-ау»-деп қыз көркіне мән беріп отыр.Қара көзі қандай мөп-мөлдір.Отты қос қарашық.Қасы ақ тамақ қарлығаштың қанаты сықылды.Кіршіксіз ақ сүт өңінен қан тамғандай.Оймақтай ауызға сәндендіріп жұп-жұқа биязы боп ерін біткен.Сұңғақ бойлы сұлудың өн бойында еш мін жоқ.Білектей жұп-жұмыр қос өрім ту сыртынан құлай түсіп, тақым қағады.Мінсіз табиғи сұлулық жарқ еткен қара көзді  төңкере тастаған кезде әнші:

  «Қазақта сенен асқан айнамкөз тумас,сірә,-деп көкірегіне келген ойды қатудай қатырып ықыласын аударды.-Шіркін-ай,осыншама сұлу мүсін бақытын таба алар ма еді.Ай, қайдам.Мына зар заманда,үрейлі тар кезеңде әйел затының маңдайының  соры төрт елі боп жүрген жоқ па?

  Ой сабасына түсті.Есіл-дерті қыз тағдыры болып үнсіз қалған еді.Үй иесі жігіт Жаңаберген әңгіме бастады.

  -Келіншегім Айғанша өзім сияқты кедейдің қызы.Қалай, маған тең болуға жарай ма.Ел аралаған сыншы болады.Үйішіміздің бары осы үшеуіміз.Әкем әріректе, анам өткен жылы дүние салған-ды.Айналымға келмейтін қысқа өмірін екеуі де кісі есігінед-байдың отымен кіріп, күлімен шығып өткізді.Енді менде...

  Жігіт жастық шағының аяулы күндерін айтып, күнкөріс қамынан басқаға лажы жоқтығына наразылық кейіп танытты.Әнші үй иесінің ойын түсіне қойды.

  -Бір аштың бір тоқтығы болмас дейсің бе.Дүниедегі бар байлық та, мұрат та сүйгеніңе қолың жетіп, сонымен қоса ғарғанан артық деймісің.

  -Айғанша тыңдап отырсың ба? Құрдастың сөз-ләміне түсіндің бе? Маған сенен артық, саған менен артық еш байлық жоқ екен ғой,-деді де сөзін сабақтап:

  -Ал замандастар,біраз сырластық.Ауылдың алты ауызын айтып, міндеттен де құтылдым. Енді қонақтың өнеріне қанықсақ.

 -Иә, ол дұрыс Ән айтайын.Менің сіздерге бар бөліп берерім де, байлығым да әнім ғана.

  -Мақұл.

  Жаңаберген жайраң қаға әншінің керегеге ілген домбырасын алып, өзіне ұсынды.Қыз Құралай тағы да Мұхитқа нұрлы жүзбен байқаусыз шоли қарады.Тап сол бойда әншінің оқтан өткір көзі қыз жүрегіне жебедей қадалып, жан дүниесін шымырлатып жібергендей еді.Құралай жігіт көзіне тұңғыш ілінуінен бе, әлде аға,жеңгесінен қысылды ма, екі далаптай қызарып кеткенін жасырғысы кеп, дастархан жинауды сылтауратып орнынан ұшып тұрды.Көз неұрдың ұясы, көңіл сырдың ұясы боларын Мұхит та аңғарып қалды.Әншінің келгенін есьтіген тостағандай ауыл адамдары қараша үйді кернеп кетті.

  Мұхит домбырасын қол орамалмен сүртті де күйге келтірді.Отырғандарды баппен көз сүзе қарап, жылы жүзбен өзіне баурай тартып:

  -Бұл «Панкөйлек» әнім еді,-деп қысқа айтты да шырқай жөнелді.

  Әнді аяқтап болысымен маңдайының терін сүртіп, кішкене демалды да сабырмен: -Иә, кімнің панкөйлегі қайда қалмай жатыр дейсің.Жүрек пен тағдырдың бөлек-бөлек жүретініне ызаң келеді.Түсіңде үрей енеді.Үстемдік кісілікті білем демейді.Адал жолың кісенделеді.

  Зарлы жүрек сұм заманда туғанына назаланып өкініш дерті ән толы кең көкірегін пәршалап өткендей болды.Сөйтті де: -Еңіреп Мұхит бабам өтіпті-ау деп кейінгі ұрпақтарым есіне алар»-деген ақ жүрегінен ақ қанат құстай жарып ұшқан ән жолдарын еске түсірді.Болашаққа сенімін қалдырған сыңай танытты.

  -Пай-пай, ән-ай.Міне,әнші деп осыны айт,-деді дөңгелек құндыз бөрік киген қария малдасын құрып отырып:-Е, балам, өмірлі бол, өнерлі екенсің тірлігіңе сенімді бол.Жасың ұзақтыққа жетсін, абройың үстем боп өтсін.

  -Тағы бір ән.

  -Бүгін де, ертең де жібермейміз.

  -Бәріміздің үйімізде меман боласыз?

  Көздері жаудырай қараған ауыл адамдары  анталап Мұхиттың әр әнін,ыстық лебізін естіген сайын елітіп естері кетті.

  -Ей, шырағым, елінде озған түбінде озар, көкке қолын созар.Ел алғысын алып жүр екенсің, елеусіз қалмассың.Көңілі сұлудің өңі сұлу, жаны жарқын жаз болушы еді.Кішіпейіл екенсің.Одан бәсің төмендеп кішіреймессің,-деді сақалы ақ қудай манағы қария.Ол осы ауылдың жібі түзу, бас көтерер ақсақалы екен.

  Мұхит домбырасын қолына қайта ұстады.Ойында Құралай.Көкейіне белгісіз саз оралды.Жүрегін қытықтап, еріксіз бойды билеп алысқа әкеткен сезім шалқары әнсіз басылмайтынын сезінді.Содан Құралайға арналған «Айнамкөз» қара домбыраның пернесінде құйқылжи жылжыған саусақтан кейін бпалкөмейден ән болып төгіліп, осынау кедей жатақ ауылының ашық аспанындағы жұлдызды түнін дірілдетіп әкетті. Қызыл мақпал пеш

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға