Астана қаласы әкімдігі

Тазабек футбол жанкүйерлерінің жүрегін тағы да жаулап алды

04.09.2025 22:02

Елордада «Астана-Арена» стадионында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Уэльс құрамаларының кездесуі өтті. Матчта алып қуыршақ Тазабек кезекті рет жанкүйерлердің жүрегін жаулап алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Ұлттық құрамаға қолдау көрсету үшін стадионға 30 мыңнан астам жанкүйер жиналып, алғашқы минуттардан-ақ ерекше атмосфера қалыптастырды. Олардың арасында астаналықтардың көзайымына айналған алып қуыршақ Тазабек те болды. Оның келгенін көпшілік бірден байқап, жанкүйерлер ұлттық құраманы бірге қолдады. Көрермендер  Тазабекті елорданың символдарының бірі деп атады.

Стадионға жиналған көпшілік отандық футболшыларға бар ықыласымен қолдау көрсетіп, матчты нағыз футбол мерекесіне айналдырды. 

Еске салсақ, біз бұған дейін Қазақстан мен Уэльс құрамаларының матчы өткені туралы жаздық.