«Таза Қазақстан»: Маңғыстаулық мұнайшылар теңіз жағалауын қоқыстан тазартты
Ақтауда «Қаражанбасмұнай» АҚ орталық кеңсе қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Каспий теңізі жағасындағы демалыс базасының аумағын күл-қоқыстан тазалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сенбілікке компанияның құрылымдық бөлімшелерінен 20-дан астам жұмысшы қатысқан.
Мұнайшылар белгіленген аумақта демалушылардан қалған пластикалық бөтелкелерді, полителен пакеттерін және өзге де тұрмыстық қалдықтарды толықтай тазартып, 8 қап қоқыс жинады. Бірлескен іске ұйымшылдықпен атсалысқан ұжым еңбегі қоршаған ортаны қорғаудың маңызын айқын көрсетті.
«Таза Қазақстан» экоакциясы еліміздің барлық өңірінде кең көлемде өткізіліп келеді. Бұған дейін ҚБМ жұмысшылары кен орны мен облысымыздың тарихи-мәдени орындарында сенбілік жасаған еді. Игі бастаманы қолдауға қашан да дайын мұнайшылар теңіз жағасында демалушыларды тазалық сақтауға шақырды.

