Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі

Таза Қазақстан: Каспий жағалауынан 15 тонна қоқыс жиналды

Ақтауда теңіз жағалауы аумағындағы қоқыс үйінділері тазартылып, бірнеше тонна қоқыс жиналды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жұмыстарға 30-дан астам қызметкер, 5 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 15 тонна қоқыс шығарылды. 

Қала тұрғындары мен қонақтарынан қоқыстарын теңіз жағалауында тастамауын сұраймыз. Қоқыс - табиғатқа зиян келтіріп, жағалаудың сәнін бұзуда. Теңіз - баршаға ортақ. Оны бірге таза ұстайық, – деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Жантілек Асхатов.

Бұған дейін Каспий теңізінің деңгейі қазіргі таңда бақылау жүргізілген бүкіл кезең ішіндегі ең төменгі көрсеткішке дейін түсіп кеткені айтылған болатын