«Таза Қазақстан» аясында Абай облысындағы үздік ауылда саябақ ашылды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Абай облысында үздік атанған Саржал елдімекенінде саябақ ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау, ауылдарды көріктендіру мен абаттандыру, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында бірқатар жүйелі іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Былтыр ұйымдастырылған «Үздік ауыл – 2024» байқауында Саржал ауылы жеңімпаз атанған еді. Аталған байқауға Абай ауданына қарасты ауылдық округтер қатысқан. Жүлде қоры ретінде жеңімпаз ауылға 20 млн теңгенің сертификаты табысталып, бұл қаржы ауылды абаттандыруға бағытталды.
Ауыл тұрғындарының шешімімен осы қаражат есебінен орталық саябақ салынып, пайдалануға берілді.
Шара барысында игі бастама жалғасын тауып, «Үздік ауыл – 2025» байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаз ауылдар марапатталды:
•І орын – Көкбай ауылдық округі (15 млн теңге)
•ІІ орын – Қасқабұлақ ауылдық округі (10 млн теңге)
•ІІІ орын – Тоқтамыс ауылдық округі (7 млн теңге)
•ІІІ орын – Саржал ауылдық округі (7 млн теңге)
Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы ауылдарды дамыту мен көркейту ел болашағына қосылған үлес екенін атап өтіп, игі бастамаға белсенді қатысқан тұрғындарға алғыс білдірді.

