«Таза Қазақстан»: Астанада QAR FEST аққалалар байқауы өтеді
15.01.2025 13:06
Фото:
Астана қалалық әкімдігі
Астанада 15 қаңтардан бастап, 15 ақпанға дейін Есіл өзенінің жағалауында «Таза Қазақстан» акциясы аясында QAR FEST аққалалар байқауы өтеді, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, қатысу шарттары мынандай:
- «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының тақырыбына сәйкес келетін ерекше аққала жасаңыз.
- Өз жұмысыңызды суретке түсіріңіз.
- Суретті 15 ақпанға дейін Instagram парақшаңызға жариялап, #ТазаҚазақстан және #QarFestSaryarqa хэштегтерін қосыңыз. Сондай-ақ @saryarqa.audany парақшасын белгілеуді ұмытпаңыз.
Аққалаларды Есіл өзенінің жағалауында, мұз айдынының жанында жасауға болады.
Ең үздік жұмыстардың авторлары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
QAR FEST – шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетудің, экологиялық бастамаларды қолдаудың және елордаға ерекше қысқы көңіл күй сыйлаудың тамаша мүмкіндігі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

