Жаңалықтар

Таза Қазақстан: 900 мың тонна қоқыс жиналып, 2,5 миллионға жуық ағаш егілді

Таза Қазақстан: 900 мың тонна қоқыс жиналып, 2,5 миллионға жуық ағаш егілді
Фото: ©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА 17.07.2024 16:04 753

Астанада «Экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының мақсаты мен негізгі бағыттары» туралы баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024-2029 жылдарға арналған халықтың экологиялық мәдениеттін арттыруға бағытталған тұжырымдама әзірленіп, азаматтардың экологиялық сана мен мәдениеттін қалыптастырудың кешенді негізі қаланды. Бұл тұжырымдаманың негізгі қағидалары: экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру, цифрландыру және бейне-мониторинг, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, халықты ақпараттандыру, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау, экологиялық дүниетанымды тәрбиелеу, прогрессивті технологияларды қолдану сияқты маңызды бағыттарды қамтиды.
Осы қағидаттар биліктің барлық деңгейлері мен қоғамдық ұйымдардың елдің экологиялық мақсаттарына қол жеткізудегі күш-жігерін жүйелеуге және үйлестіруге мүмкіндік береді.

Осы жылдың наурыз-мамыр айы аралығында өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 900 мың тоннадан астам қоқыс жинап, 2,5 миллионға жуық жасыл желек отырғызылды. Еріктілер, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлермен қатар жалпы халықтық акцияға 2,4 миллионнан астам адам қатысты.  

«Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов бүгінде елдегі қоқысты жинау, сұрыптау, әрі қарай оны өңдеп, дайын тауар алу ең күрделі мәселенің бірі болып отырғанын айтты.

Қалдықтарды басқару саласындағы жобаларға 185 миллиард теңге қаражат бөлгелі отырмыз. Оның ішінде қоқысты жинау, сұрыптау, өңдеумен айналысатын зауыттарды сатып алу мәселесі қаралуда, –деп атап өтті Нұржан Кеңесбайұлы.

Сонымен қатар Нұржан Қабдолдановтың айтуынша, қаражат 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге 3% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. Бұл ретте, жеңілдетілген қаржыландыруды алу үшін өтініш берушілерге 20% мөлшерінде бастапқы жарна, оның ішінде 10% ақшалай қаражатпен болуы қажет.

Бұдан бөлек, бізде «Ecoqolday» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі іске қосылды. Қоқысты жинап, тасымалдау саласындағы бизнестерге қайтарымсыз төлем төлейміз. Қазіргі таңда 77 компания бұл жүйеге тіркелген. Оның ішінде 51 қалдық жинаушы, 19 қайта өңдейтін, 7 компания толық циклді кәсіпорын. Аталғандардың ішінде 32 компания тексерістен өтті, – дейді басқарма төрағасының орынбасары.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласының білім басқармасымен бірлесіп 19 наурыз бен 19 сәуір аралығында «Ұлттық ағаш отырғызу күні» қарсаңында Астана қаласының оқушылары арасында эссе жазудан, шығармашылық байқау ұйымдастырды.  

Осы акциянының идеологиялық мәнін тереңдету мақсатында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» сияқты тақырыпта апталықтар ойластырылды.

Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы 10 маусымда Астана-Алматы тас жолының бойын қоқыстан тазартуға арналған ROAD-эстафетасымен жалғасты. «Жасыл дам» АҚ ROAD-эстафетасының ұйымдастырылуына ат салысып, Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығымен бірге Астана-Алматы тас жолының бойынан жиналған 100 тоннадан астам қоқысты сұрыптап, қайта өңдеу орынына жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға