Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, 946 жолаушы елге оралды. Атап айтқанда, Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады.
- KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам;
- KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, 145 адам;
- KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам;
- KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам болды.
Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.
Айта кетерлігі, министрлік «FlyDubai» әуе компаниясы 3 наурыз күні Дубай – Астана және Дубай – Алматы бағыты бойынша 2 рейс орындағанын хабарлады. Осы рейстермен барлығы 306 жолаушы (тиісінше 151 және 155 жолаушы) елге жеткізілді.
Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен бірге отандық және шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп, Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыс елдерінен қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Рейстер жұмысын жалғастырады. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық ашты. Қақтығыс аймағында жүрген кез келген қазақстандық хабарласып, рейс туралы мәлімет, елшілік жайында ақпарат ала алады.
Көлік министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірге белсене жұмыс істеп жатыр. Екі министрлік әуе компанияларымен бірге жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, қажетті шараны қолданып жатыр.

