Сыртқы істер министрлігі

Таяу Шығыста тұратын қазақстандықтар референдумға қатыса алмайды

02.10.2024 16:21

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Израиль, Иран және Ливандағы қақтығысқа байланысты АЭС құрылысына қатысты өтетін референдум болмайды. Атап айтқанда, ол елдерде учаскелер ашылмайды, жұмыс істемейді. Бұл азаматтардың қауіпсіздігі үшін қабылданған шешім, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін СІМ аталған елдерде қанша қазақстандық тұратынын мәлімдеді.