30 Қыркүйек 2025, 18:25
Тауықтардың да өз режимі бар
«El.kz» порталының арнайы жобасы - «Біздің Brand» Ақмола облысындағы «Ақкөл құс» фабрикасына барып, өндіріс процесімен танысты. Фабрика құс өсіру, жұмыртқа және құс етін өндіру бағытында заманауи технологияларды қолдана отырып, нарыққа сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім ұсынуда. Кәсіпорын мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын тиімді пайдаланып келеді. Атап айтқанда, субсидиялар, жеңілдетілген несие беру, инфрақұрылымды дамытуға арналған бағдарламалар аясында қаржылық қолдау алған. Бұл қолдаулар фабриканың өндірістік қуатын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Фабрика туралы толығырақ шығарылымнан көріңіз.