Тауға шығып, адасып кеткен әйел мен жиені құтқарылды
06.08.2025 03:24
Фото:
Видеодан кадр
Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жасыбай демалыс аймағында тауға шыққан әйел мен оның кәмелетке толмаған жиені құтқарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өз беттерімен Ақбет тауына шыққан олар төмен түсу кезінде бағыттарынан адасып, кері қайтар жолды таба алмаған.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында адасқандар табылып, қауіпсіз түрде таудан түсірілді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ таулы жерлерге шыққанда қауіпсіздік шараларын сақтап, маршрутты алдын ала жоспарлап, байланыс құралдарын әрдайым қолданыста ұстау қажеттігін ескертеді.

