Тәуелсіздік күніне орай антикор қызметкерлері өзара мықтыны анықтады
Тәуелсіз мекересі қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты мен оның Астана қаласы бойынша департамент қызметкерлерінің қатысуымен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Мақсат - салауатты өмір салтын насихаттау және кеңінен дәріптеу, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спартакиада бағдарламасына шағын футбол, үстел теннисі, шахмат, сондай – ақ «Әкем, анам және мен - спорттық отбасы» атты сайысқа антикор қызметкерлерінің отбасы мүшелері қатысты.
Спорттық ойындар жоғары деңгейде және қарқынды күреспен бәсекеге қабілетті рухпен ерекшеленді.
Жеңімпаздар естелік кубоктар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Ал барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және спорттық дайындықтың жоғары деңгейі үшін Алғыс хаттар табысталды.
Жарыс жеңімпаздары:
Шағын футбол:
1 орын - Астана қаласы бойынша департаменті;
2 орын - Превенция қызметі;
3 орын - Сотқа дейінгі тергеу қызметі.
Үстел теннисі (ерлер):
1 орын - Мұратбеков М.
2 орын - Қапышев М.
3 орын - Шайдуллин к.
Үстел теннисі (әйелдер) :
1 орын - Абельдинова г.
2 орын - Анарбаева А.
3 орын - Кірісхан П.
Шахмат:
1 орын - Қаршалов Е.
2 орын - Омаров Е.
3 орын - Қалабаев Б.
Көңілді бастаулар:
1 орын - Ахметовтар отбасы
2 орын - Еслям отбасы
3 орын - Жұмаділовтар отбасы
Іс-шара нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов жарыстың барлық қатысушыларына алғысын білдіре отырып, барлығына зор денсаулық пен амандық тіледі.