28 Қазан 2025, 11:42

Тәуелсіздік күніндегі басты өкінішім. Сағат Әшімбаевтың 45 күнделігі: Шәрбану Бейсеновамен сұхбат

Қазақ әдебиетінің нәзік те терең иірімдерін көркем сөзбен өрнектеген жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Бейсенова - ұлттық әдебиетте әйел болмысының, аналық мейірім мен қайсар рухтың көркем бейнесін жасаған қаламгер.

Жазушы El-Women жобасына арнайы сұхбат беріп, рухы биік Сүзге мен Сүйінбике секілді кейіпкерлердің тарихы, қазақ әйелінің бүгінгі қоғамдағы рөлі, сондай-ақ өмірлік серігі, белгілі сыншы Сағат Әшімбаевпен бірге өткен ғұмырдың сырлы сәттерін баяндады.

Сонымен қатар, Шәрбану апай тәуелсіздік кезеңінің алғашқы жылдарындағы толғаныстарын, Желтоқсан оқиғасы кезінде отбасының бастан өткерген ауыр сәттерін, қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыты мен жас қаламгерлерге деген көзқарасын ашық айтты.