Тауда жоғалған жасөспірім аман-есен табылды
02.07.2025 03:30
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Құтқарушылар Алматы тауларынан жоғалған жасөспірімді тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құтқарушыларға Ресей Федерациясының азаматтары құтқарушыларға хабарласты. Айтуларынша, олар Талғар асуында болған кезде 16 жастағы жасөспірім Богданович мұздығына қарай жалғыз кетіп қалған және онымен байланыс үзілген.
ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы мен Алматы қ. құтқару қызметі дереу көмекке шықты. Қиын таулы аймаққа қарамастан құтқарушылар жедел түрде Талғар асуына көтеріліп, мұздыққа қарай жаяу бет алған. Іздестіру операциясы барысында жасөспірім табылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық және медициналық көмекке мұқтаж болмады. Тексерістен кейін құтқарушылар жасөспірімді ата-анасы күтіп тұрған асуға түсірді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

