Алматы облысының Турист шыңында (3954 м) құтқарушылар 11 жасөспірімді тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, жастар қар аралас жаңбырға қарамастан тауға шыққан.
Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп тауға шығып, топтың бес мүшесін тапты. Құлаған тастан жарақат алған жасөспірімге дәрігерге дейінгі көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар туристерді төмен түсіріп, әрі қарай тексеру үшін медицина және апаттар орталығының мамандарына тапсырды, - делінген мәліметте.
Көп ұзамай құтқарушылар қалған жасөспірімдерді де тапқан.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

