Тау шатқалына шыққан ресейлік жас турист қыз адасып кетті
09.05.2025 01:09
Фото:
Видеодан кадр
Алматыда ресейлік бойжеткен «Медеу» спорт кешенінен Горельник шатқалына қарай көтеріліп, 2000 м-ден астам биіктікте тік таулы беткейлерде адасып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы құтқарушыларға 112 пульті арқылы қоңырау келіп түскен. ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2006 жылы дүниеге келген қызға көмекке жетті.
Құтқарушылардың кәсібилігі мен жедел әрекеттерінің арқасында құтқару операциясы сәтті өтті.
Қазақстан ТЖМ қызметкерлеріне жедел және уақтылы көмек көрсеткендері үшін көп рахмет! Дала қараңғыланып кеткендіктен мен таудан өзім түсе алмас едім. Сіздерге алғысым шексіз!, - деді шетелдік турист.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

