Жаңалықтар

Тау-кен саласындағы заңсыз кәсіпкерлікке қатысты сот шешім шығарды

2,5 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды
Тау-кен саласындағы заңсыз кәсіпкерлікке қатысты сот шешім шығарды
Фото: aikyn.kz 16.08.2022 10:08 1376

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаментімен тау-кен саласындағы заңсыз кәсіпкерлікке қатысты іс аяқталды, деп хабарлайды El.kz

Тергеу барысында азамат Ибраевтың Жолымбет кен орнындағы учаскеге ғана барлау жұмыстарын жүргізуге келісім-шартқа отырып, құрамында алтыны бар кварц кенін заңсыз өндірумен айналысып, кейін оларды үшінші тұлғаларға өткізгені анықталды.

Нәтижесінде ол аса ірі көлемде жалпы сомасы 280 млн теңгені құрайтын заңсыз кіріс алған. 

Сот үкімімен сотталушы келтірілген залалды республикалық бюджетке толық өтеп, 2,5 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға