"Тату көрші". Қазақстан мен Ресейдің одақтастық шартына қол қойғанына 10 жыл толады
Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi
09.11.2023 17:26
1149
Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан астанасындағы бүгінгі кездесу екіжақты қатынастардың жай-күйі жөнінде пікір алмасып, келешекті бағамдауға жақсы мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар сенімді түрде әрі табысты дамып келеді. Оны, әлбетте, цифрлар әйгілеп тұр. Біз жаңа ғана XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатыстық. Бұл – өте жақсы формат. Адамдар бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасап, жұмыс істейді, араласады әрі бұл әрдайым елеулі нәтиже береді. Осы жолы да солай боларына сенімдімін. Бұған қоса өте маңызды тақырып таңдалып отыр. Азық-түлік – кез келген қоғамның, мемлекеттің тыныс-тіршілігінің негізі. Елдеріміздің әлеуеті зор. Өз қажеттіліктерімізді ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, жаһандық нарықтардағы көптеген серіктестерімізге де көмектесуге мүмкіндігіміз бар. Мәселе ынтымақтамастығымыздың барлық артықшылығын пайдаланып, келешекте осы мүмкіндіктерді арттыруда ғана болып тұр. Арғы күні Ресей мен Қазақстан арасында ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толады. Бұл біздің көпжақты достық қарым-қатынасымызды дамытудың берік негізіне айналды, – деді Владимир Путин.
Ресей Президенті екі мемлекеттің халықаралық аренадағы конструктивті ықпалдастығын, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, БҰҰ және ШЫҰ аясындағы үйлесімді қарым-қатынасын жоғары бағалады. Сондай-ақ ол 2024 жылы Ресейдің БРИКС пен ТМД-ға, ал Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде өзара қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға