Жаңалықтар

Татар-башқұрт орталығының жастары қарттарды мерекелерімен құттықтады

Татар-башқұрт орталығының жастары қарттарды мерекелерімен құттықтады
11.10.2018 03:39 2128

 

Петропавл қаласындағы Достық үйінде «Дуслык» татар-башқұрт орталығының ардагерлерін жастар қанатының белсенділері концерттік бағдарлама ұйымдастырып, құттықтады.

Кеш иегерлерін «Дуслык» татар-башқұрт орталығының төрағасы Наиль Абраев құттықтады.

Әр шығармашылық өнер көрсету алдында әртістер залдағы барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, оларға бейбіт аспан, бас амандығын, мықты денсаулық, шексіз құрмет пен жақын адамдардың махаббатын тіледі.

Концерттік бағдарламаны ұйымдастыруға «Алуа» және «Қуанамын» би ұжымдары, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен музыкалық колледж студенттері, «Қоғамдық келісім» КММ, «Солтүстік Қазақстан облысының Орыс қауымы» қоғамдық бірлестігі ат салысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға