Жаңалықтар

Тасқын судан зардап шеккен 53 отбасыға жаңа баспананың кілті табысталды

Тасқын судан зардап шеккен 53 отбасыға жаңа баспананың кілті табысталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 04.05.2024 17:51 595

Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында су тасқынынан зардап шеккен 53 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінге дейін 530 отбасы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және тұрғын үйді қалпына келтіруге 696 миллион теңге алды.

Зардап шеккен облыстардың тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға 24 835 өтініш берген.

Өлген мал үшін 916 миллион теңгеден астам төлем берілді.

Қазіргі уақытта зардап шеккен өңірлерде 4556 тұрғын үй зерттелді, 2845 нысанға бағалау жұмыстары жүргізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға