Жаңалықтар

«Тасқын – ішімдегі жазылмайтын жара»: Роза Рымбаева марқұм күйеуін еске алды

«Тасқын – ішімдегі жазылмайтын жара»: Роза Рымбаева марқұм күйеуін еске алды
Фото: Видеодан алынған кадр 06.11.2023 13:06 6881

Халық әртісі Роза Рымбаева «Алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатында Тасқын Оқаповты неліктен жар ретінде таңдағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің сөзіне қарағанда, ол келін бола жүріп Тасқын Оқаповтың ауылында да талай рет өнер көрсеткен. Дегенмен жолдасының ауылына барғанда, өзін әнші ретінде емес, алдымен келін ретінде ұстайтынын алға тартты.

Мен үйде екінші келін едім. Бауырсақ та пісірдік, сиыр да саудық, үйдің басақ тірлігін де аяқта тұрып атқардық. Ал Тасқан бәрінен жоғары болды – мәдениеті, салмақтылығы бір бөлек әңгіме, - деді өнер иесі.

Роза Рымбаева күйеуі өмірден өткен соң көп ұзамай-ақ сахнаға оралды. Әнші күйзеліспен қалай күрескенін айтты.

Екі баламен күйзеліске ұшырауға қақым да жоқ еді. Солар үшін өмір сүруім керек еді. Сол сахнада жыладым, сол сахнада бақытымды да, екі баламды да айттым. Барлығын халықпен сахнада тұрып бөлістім. Қайғыға берілмеймін деген мақсат қойдым. Бірақ ол Тасқынды ұмытты деген сөз емес. Тасқын менің ішімдегі жазылмайтын жара ғой. Балалардың арасында да көз жасымды көрсетпеуге тырысамын, көрерменге де мықты әйел болып көрінгім келеді, - деді Роза Қуанышқызы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға