Ташкенттегі Азия чемпионатында Елжан Таниева екі бағдарламадан соң көш бастады
03.05.2024 03:39
Фото:
Olympic.kz
Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан лицензиялық Азия біріншілігі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл сында Қазақстан намысын Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы қорғауда. Алғашқы екі бағдарламадан соң (алғашқы он спортшы арасында) Эльжана Таниева бірінші орында келеді. Ол шығыршықпен жаттығуда 34,3, доппен жаттығуда 33,85 ұпай жинап, жалпы есебі 68.15 ұпай иеленді.
Айбота Ертайқызы 65.15 ұпаймен үшінші орында келеді. Бұл аралық нәтижелер екенін еске саламыз. Көпсайыста жеңіске жеткен спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

