Ташкентте магнитудасы 3,6 балдық жер сілкінісі болды
Мөлдір Қайнар тілші
09.09.2024 10:52
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI
Ташкентте 9 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 05:45-те магнитудасы 3,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзбекстан ТЖМ сейсмикалық болжамды бақылау республикалық орталығының мәлімдеуінше, дүмпу ошағы Ташкенттің Мирзо-Ұлықбек ауданында болған.
Ташкентке дейінгі арақашықтық солтүстік-шығыс бағытта – 10 шақырым.
Өзбекстан аумағындағы жерасты дүмпулерінің күші басқа өңірлерде де байқалды:
- Мирзо-Ұлықбек ауданы 2 балл;
- Мирабад ауданы 2 балл;
- Шайхантахур ауданы 2 балл;
- Яшнабад ауданы 2 балл;
- Алмазар ауданы 2 балл;
- Яккасарай ауданы 2 балл;
- Чиланзар ауданы 2 балл.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

