Ташкент тұрғындары көліктерін бассейнге айналдырды
Ташкентте ауа температурасы 40 градустан асып тұр. Аптап ыстықта жергілікті тұрғындар күйбең тіршілікті қойып, өмірден ләззат алуды жөн көрген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ыстықтан құтылудың бір жолы ретінде олар кәдімгі пикап көлігін шағын бассейнге айналдырған: көлік жүксалғышын пленкамен қаптап, ішіне су толтырып, жанына кәдімгідей дастарқан жайып, оны кәуап пен салқын сусынға толтырған.
Тағы бір топ көліктің ішкі салонын толықтай полиэтиленмен қаптап, ішіне су құйып алып, Ташкент көшелерін жылжымалы ванна секілді аралаған.
Алайда мұндай тапқырлық өзбек полицейлерінің көңілінен шыққан жоқ – аталған көлік иелері мен жолаушыларына әкімшілік жаза қолданылды.
Бұған дейін күрделі жөндеу көрмей 1 млн шақырым жолды жүріп өткен көліктер туралы жазғанбыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

