Жаңалықтар

Ташкент Гранд Слэмінде қола жүлде үшін күрескен дзюдошыларымыз есе жіберді

Ташкент Гранд Слэмінде қола жүлде үшін күрескен дзюдошыларымыз  есе жіберді
Фото: olympic.kz 02.03.2024 18:50 942

Ташкент Гранд Слэм турнирінің екінші күнінде сынға түскен Қазақстан дзюдошылары жүлдесіз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

73 келіде белдескен Данияр Шамшаев қола жүлде үшін күресте Өзбекстан өкілін 19 секундта ұтқан еді. Алайда жеңіс өзбек балуанына берілді. Ол турнирдің іріктеу кезеңдерінде Қырғызстан және Словения балуандарын ұтқан болатын. Ал ширек финалда ресейлік Махмадбек Махмадбековті қапыда қалдырып, жартылай финалда Ресей балуаны Данил Лаврентьевке жол берді.  

81 келіде Абылайхан Жұбаназар үшінші орын үшін жапониялық Таканори Нагасемен өзара мықтыны анықтады. Алайда қосымша уақытта төреші ескертуімен ол жеңістен құр қалды. 

Отандасымыз іріктеу сындарында Ресей балуаны Давид Карапетянды ұтқан. 1/8 финалда мароккалық Ашраф Моуитиді жеңіп, жартылай финалдың жолдамасы үшін Омар Бажаблимен сынға түсті. Алайда қарсыласынан ұтылып, жұбаныш белдесуінде әлем чемпионы, израильдік Саги Мукиден басым түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға