Жаңалықтар

Тас жолдарда қлып қойған 500 жолаушы пойыздар арқылы жеткізілді

Тас жолдарда қлып қойған 500 жолаушы пойыздар арқылы жеткізілді
Фото: ҚТЖ 04.01.2025 13:32 382

Қолайсыз ауа райы салдарынан Астана–Қарағанды, Астана–Павлодар және Астана–Көкшетау бағыттарындағы тас жолдардың уақытша жабылуына байланысты, жолда қалған шамамен 500 жолаушы жедел түрде теміржол арқылы тасымалданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды межелі орындарына жеткізу үшін жедел әрі тиімді шаралар қабылдады.

Сарыбель станциясынан №44 «Қостанай–Алматы», №327 «Қарағанды–Қостанай», №6857 «Астана–Қарағанды» және №145 «Қарағанды–Омск» пойыздары арқылы Қарағанды мен Астанаға 100 жолаушы тасымалданды.

Екібастұз станциясынан №7509 «Павлодар–Астана» және №139 «Павлодар–Пресногорьковская» пойыздары арқылы 63 жолаушы, ал Ерейментау станциясынан №7501 «Павлодар–Астана» және №140 «Павлодар–Пресногорьковская» пойыздары арқылы 52 жолаушы елордаға тасымалданды.
Бурабай курорты станциясынан №6812 «Бурабай курорты–Астана», №6830 «Көкшетау–Астана», №7516 «Көкшетау–Астана», №624 «Петропавл–Астана» және №7508 «Көкшетау–Астана» пойыздарымен 202 жолаушы Астанаға тасымалданды.

Макинка, Ельтай және Ақкөл станцияларынан №7508 «Курорт-Бурабай–Астана» және №76 «Петропавл–Қызылорда» пойыздары арқылы жалпы 76 жолаушы елордаға тасымалданды.

Қолайсыз ауа райы кезінде пойыздар ең сенімді әрі қауіпсіз көлік түрі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық тиісті шараларды қабылдауда. Азаматтарды алыс сапарларға шығудан бас тартуға шақырамыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға